Шілдеде президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда 100 мың тонна дизель отыны тапшылығы болжанып отырғанын ескертті. Алайда, бұл көрініс жылдан жылға егін жинау және елде өсіп келе жатқан жүк тасымалы кезінде байқалады.
Энергетика министрі Болат Ақшолақовтың айтуынша, Қазақстанға күн сайын 4,5 мың бірлік шамасында жүк көлігі кіреді, оның 70%-дан астамы қазақстандық емес. Маусымаралық кезеңде қазақстандық жанар-жағармай станцияларында дизель отынын орташа айлық тұтыну транзиттік тасымалдардың өсуі есебінен 120 мың тоннаға өседі. Бұл түсінікті де — бағасы арзан (2022 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша):
Бұған тағы тамыздан қазанға дейін дизель отынын жеткілікті мөлшерде табу қиын болатынын қосыңыз. 2022 жылы мемлекет халық үшін ең аз шығындармен жағдайға қалай әсер ету керектігін ойлап тапты. Тамыз айының басында Энергетика министрлігі әлеуметтік отын — АИ-92 және дизельге 180 күнге шекті баға белгілеу және резиденттікке байланысты сараланған тарифтер енгізу туралы бұйрық жобасын талқылауға шығарды. 18 тамызда құжатты талқылау аяқталды, сондықтан бұйрық күшіне енеді. Енді дизель отыны
Қазақстанның резиденттері үшін өңірге байланысты литріне 230 теңгеден 260 теңгеге дейін, резидент еместер үшін — 450 теңгені құрайтын болады
Бірақ Алматының кейбір май құю бекеттерінде солярка литріне 350 теңгеден сатылуда. Және оны табу да қиынға соғып жатыр. Сондықтан еліміздің ең ірі мегаполисінде мәселе жанар-жағар май құны емес, оның тапшылығы.
Жақында мұнай сервистік компаниялар одағының директоры Нұрлан Жұмағұлов күзде де дизель отынының жетіспеушілігін болжады, бұл тұтыну көлемінің өсуіне ғана емес, сонымен қатар қыркүйек-қазан айларында Атырау МӨЗ-інде жоспарлы жұмыстардың жүргізілуіне байланысты.
Экономика ғылымдарының докторы, Экономика және ғылым министрлігінің Экономика институтының бас ғылыми қызметкері Олег Егоров биліктің үйлестірілген әрекеттері және Қашаған мұнайынан мұнай өңдеуді іске қосу ғана әлеуметтік отынмен жыл сайынғы маусымаралық проблемаларды шеше алады деп санайды.
Біріншіден, мемлекет халық отынына шекті баға белгілеуі де бағасымен ойнауға кедергі келтірмейтінін көріп отырмыз. Яғни, шешімдердің орындалуын бақылау қажеттілігі туындап отыр,
дейді сарапшы.
Energyprom.kz мониторинг агенттігінің деректері бойынша 2022 жылғы маусымда дизель отыны құнының жылдық өсімі 41,5% болып тіркелді.
— Бағасының өсуіне қарамастан, Қазақстанда ол көрші елдерге қарағанда арзанырақ, — деп атап өтті Олег Егоров. — Сондықтан ЖЖМ сыртқа әкету айтарлықтай көлемді болып отыр. Осыдан тапшылық туындайды. Сонымен қатар, қазіргі уақытта бірнеше зауыт тоқтап тұр, бұл да күзде қорларды толықтыруға мүмкіндік бермеді.
— Қазақстанға өз қажеттіліктерін толығымен жабу үшін қанша МӨЗ қажет?
— Есеп бойынша, біз оларды өз күшімізбен жауып отырмыз, бірақ отын жоқ, өйткені ол елден әртүрлі сылтаулармен шығарылады.
2003 жылы, яғни 20 жыл бұрын, үлкен монографиям жарық көрген, онда мен мұнай-химия өнеркәсібін жедел іске қосу қажеттілігі туралы айттым. Атырау МӨЗ 1945 жылы, яғни 77 жыл бұрын пайдалануға берілді. Павлодар МХЗ — 1978 жылы, Шымкент МӨЗ — 1985 жылы ашылған. Яғни, олардың жөндеуге жабыла беруі отын өндірісін аздап өсіргенімен, сапасын көтермейді.
Мұның себебі зауыттардың жасында да емес, әртүрлі кен орындарынан шығатын қоспадан өнім өндіруде
Батыс мұнай өңдеу зауытына жоғары парафинді мұнай келеді. Павлодарлық және шымкенттік технологиялық тұрғыдан ресейлік мұнайға лайықтап салынды, ал қазір олар ішінара күкіртті мұнайдан ЖЖМ өндіреді. Өнімнің сапасы әрдайым шикізаттың физика-химиялық құрамының тұрақты болуына байланысты.
— Шығу жолы қандай?
— Қашаған мұнайы үшін жаңа мұнай-газ химия зауыты қажет — бұл минимум. Жаңа өндіріс жаңғыртуды қажет етпейді, ол 20 жылға дейін үздіксіз қызмет ететін болады. Ең дұрысы, әрине, кен орнының жанында тұтас мұнай-газ-химия кластері болуы тиіс, оған кейін машина жасауды да, басқа да салаларды да оңай тартуға болады.
Атырау облысында 2005 жылдан басталған Қарабатандағы кешен бітпей келеді. 17 жыл бойы салып келеді, тіпті нөлдік цикл өтті және кейбір жабдықтар жеткізіліп те үлгерді, нәтижесінде бас мердігер банкрот екендігі белгілі болды.
Әлемде мұндай жобаларды жүзеге асыру төрт-бес жылға созылады, ал бізде жиырма жылға жуық уақытқа созылды. Бұл кешенді шамамен іске қосу енді 2025 жылға жоспарланған. Яғни, тағы да сұрақтар туындайды — жобаны іске асыруды бақылау неге жүргізілмеген және оны іске қосу бағытында қандай жұмыстар жүргізіліп жатыр? Сондықтан мен мәлімделген шешімдерге оптимизммен қарай алмаймын.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…