Фото: ҰҚК
Қазақстан жыл басынан бері Ресей, Қырғызстан және Аустралияның құзыретті органдарымен бірлесіп есірткіге қарсы 47 операция өткізді.
ҰҚК мәліметінше, операциялар нәтижесінде есірткі тасымалының 8 халықаралық және 14 өңірлік арналары жойылды.
Атап айтқанда, Ауғанстаннан Қазақстанға контрабандалық жолмен 5 кг героин және 48 кг метамфетамин жеткізуді ұйымдастырған шетелдік азамат ұсталды. Ауған опиаттарын есірткі трафиктерін қалыптастыру елдерінен Қазақстанға контрабандалық жолмен тасымалдауға қатысы бар есірткі тобы әрекетінің жолы кесілді. 1 кг героин, 2 кг апиын және 14 кг гашиш тәркіленді.
Сондай-ақ, Каспий су айдыны арқылы Ираннан Қазақстанға опиаттарды жеткізудің тұрақты арнасы жойылды. Жылдам қайықтарды пайдаланып, контрабандалық жолмен 30 кг апиын және 100 метадон таблеткаларын жеткізген төрт шетелдік ұсталды.
Биылғы жылдың бірінші тоқсанының өзінде 8 ауқымды есірткі зертханасы жойылып, заңсыз айналымнан 73 кг «мефедрон» және 223 кг «α-PVP» психотроптық заты алынды.
Егер бұрын синтетика өндірісі Алматы және солтүстік облыстарға тән болса, бүгінде олардың орналасуы біртіндеп басқа аймақтарға таралуда. Мысалы, Түркістан облысында көрші елдердің есірткі нарығына жеткізуге арналған психотроптық заттардың шетелдіктер ұйымдастырған ауқымды өндірісінің әрекеті тоқтатылды. Сондай-ақ, Шымкент қаласы мен Жамбыл облысында өз өнімдерімен ішкі есірткі нарығын қамтамасыз етіп келген ірі есірткі зертханалары табылды. Аталмыш «дизайнерлік есірткілерді» өндіру алаңдарының орналасуы мен сатылуы бойынша еліміздің мегаполистері әлі күнге дейін алдыңғы қатарда екенін айтып өту керек,
деп мәлім етті ҰҚК.
Жыл басынан бері есірткі құрылымдарының 67 қатысушысы ұсталған. Заңсыз айналымнан 483,2 кг психотроптық заттар, 11 кг героин, 32,8 кг апиын, 63,7 кг гашиш, 41,6 кг марихуана және 17 тоннадан астам көкнәр шикізаты, сондай-ақ 22 тоннадан астам химиялық реагенттер алынды.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…