Categories: Қоғам

Қазақстанға келген шетелдік туристер көп уақытын қайда өткізеді

Ведомство мәліметінше, өткен жылы Маңғыстау облысына 41 мыңнан астам шетелдік турист келген. Орташа алғанда, шетелден келген қонақтар Каспий теңізінің жағалауында бір аптадан 12 күнге дейін болған.

Сондай-ақ, еліміздегі демалыс мерзімінің ұзақтығы бойынша алғашқы үштікке Алматы және Астана қалалары кірді. 2022 жылы қалаға 417 мыңнан астам шетелдік қонақ келген. Орташа алғанда, олар оңтүстік астанада 3-5 күн өткізген.

Былтыр Астанаға 238 мыңнан астам шетелдік турист келді. Елордада олар орта есеппен 2-3 күн болды. Ал шетелден келген туристердің Қазақстанда саяхаттау мерзімінің орташа ұзақтығы 4 күнді құрайды.

Сапардың ұзақтығы өңірдің туристік тартымдылығын көрсетеді. Маңғыстау облысының әлеуеті өте зор және біз оны толығымен іске асыру бағытында белсенді жұмыс істеп жатырмыз. Мамандарды даярлау және оқыту, туристік инфрақұрылым салу, жаңа тікелей авиарейстер ашу  бойынша келіссөздер жүргізіліп жатыр. Шетелдіктер арасында сұраныс үлкен. Сол себепті елімізге келетін шетелдік туристердің санын арттыру бағытында жұмысты жалғастырамыз,

деді ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев.
Сая Манарбековна

Recent Posts

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

1 месяц ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

5 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

11 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

11 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

11 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago