Қазақстанға келгендер ана тілімізді сыйласын, бұл ұлтшылдық емес! – Саиров

Ана тілімізді сыйлау ең басты аспект. Европаның қай еліне бармасаңыз да сол елдің тілінде сөйлеу маңызды. Бұл ешқандай «әсіре ұлтшылдық», басқаны нақақ кемсіту емес. Бұл пікірді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ерлан Саиров өзінің фейсбук парақшасында қалдырды.

Қазақ тілі жөнінде. Кеше, желіде сырттан келген қонақ тағы да қазақ тілі жөніндегі мәселені қоздырып қойды. Басқа елге келіп, «қонақ» болудың қалыптасқан ережелері бар. Европада, Франция, Германия, Польша басқа да елдерге барып, тұрақтағыңыз келсе, ең бірінші сол елдің тілін білуге міндеттісіз. Бұл «өркениетті» деп аталатын елдер үшін қалыпты жағдай. АҚШ-қа барсаңыз ағылшын тілін білу аксиома.

Қазақстанға да көптеген азаматтар келіп жатыр. Қазақстан мемлекеті гуманизм тұрғысынан бұл азаматтарды қабылдады. Ол азаматтар да біздің елде ешқандай фобияның жоқтығына көзі жетті. Дегенмен, Қазақстанға келгенде біздің дәстүрді сыйлап, жергілікті халықтың басымдықтарына назар аударып, ұрымтал жерге «сүйкенбеген» абзал,

деп жазды депутат.

Саировтың айтуынша, Қазақстанға келгеннен кейін, қазақ тіліне зейін бөлу адамгершілік тұрғысынан дұрыс болады.

Біздің елде, құдайға шүкір «әсіре ұлтшылдық», тұрмыстық деңгейде тіл мәселесінде кемсіту жоқ. Біздің мәдениет сондай. Бірақ бұл жағдай тіл мәселесінің өзектілігін жоғалтпайды. Ал, біздің ана тілімізді қадірлеу әр-бір қонақтың жоғары мәдениетінің көрсеткіші. Біз екі тілді еркін меңгергенбіз ғой. Ешқандай айқай-шуға салынбай, агрессия жасамай, өктемдік көрсетпей келген азаматтарға осы мәселені ыждаһатпен, парасатпен түсіндіріп отырған дұрыс. Кей кездері парасатпен, жоғары мәдениетпен, ақыл-оймен жеңетін мезет болады. Бүгін дәл сондай кез,

дейді Ерлан Саиров.
Сая Манарбековна

Recent Posts

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

1 месяц ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

5 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

11 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

11 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

11 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago