Қоғам

Қазақстанға келгендер саны кеткендерден екі есе көп

Биыл қаңтар–маусымда елімізге 13,7 мың адам келді, бұл былтырғыдан 87,3% артық. Бұл ретте елден 7 мың адам кеткен, бұл 2022 жылғы қаңтар–маусыммен салыстырғанда 43,3% аз. Кеткендер саны келгендер санынан 2 есе көп.

Айта кету керек, кеткен азаматтардың саны тұрақты түрде азайып келеді, ал келгендер саны 2021 жылдан бастап өсуде.

Елді мекен түрлері бойынша қаладан кеткендер саны 5,5 мың адам (45,4% азайған), ауылдардан 1,5 мың адам (33,5% азайған).

Қалаларға келгендердің саны 10,1 мың адам (2,3 есе көбейген), ауылдарға 3,5 мың адам (23% көбейген).

Көп жылдар ішінде бірінші рет көші-қон сальдосы екінші тоқсан қатарынан оң көрсеткіште: 6,7 мың адамға артық.

Өңірлер бойынша кеткендердің басым бөлігі Қостанай облысынан: 1,1 мың адам — былтырғыдан 25,7% аз.

Екінші және үшінші орында Қарағанды (820 адам, 50% азайған) және Павлодар (645 адам, 56,7% азайған) облыстары. Қызылордадан ең аз адам кеткен: 31 адам, 40,9% көбейген.

Келушілер ең көп өңір Алматы: алты айда оңтүстік астанаға 3 мың адам қоныстанды, былтырғыдан бірден 2,3 есе көп.

Үздік үштікке Маңғыстау (2,2 мың адам, 23,8% көбейген) және Алматы (1,1 мың адам, 15,3% көбейген) облыстары кірді. Қызылордаға ең аз адам келген: бір жыл бұрын 8 адам болса, биыл 13 адам.

2023 жылдың бірінші жартыжылдығында ҚР-ға келгендердің ішінде ең көп «техникалық мамандар» болды: 2,2 мың адам — былтырғыдан 3,4 есе көп.

Келген экономистер саны — 1,1 мың адам, мұғалімдер — 530 адам, дәрігерлер — 331 адам, заңгерлер — 323 адам, сәулетші-құрылысшылар — 207 адам, ауыл шаруашылығы қызметкерлері — 86 адам.

Бұл ретте 1 мың техникалық маман, 477 экономист, 351 мұғалім, 176 дәрігер, 128 заңгер, 59 құрылыс сәулетшісі, 71 ауыл шаруашылығы мамандары кеткен.

Келушілер мен кеткендер санындағы ең үлкен айырмашылық сәулетшілер мен құрылысшылар (3,5 есе), заңгерлер (2,5 есе), экономистер (2,2 есе) және техникалық мамандар (2,1 есе) арасында байқалды.

Сонымен қатар, inbusiness.kz сайтының мәліметінше, шетелдік жоғары оқу орындарын бітірген қазақстандықтардың 78%-дан астамы өздерінің зияткерлік әлеуетін туған жерінде жүзеге асыра алмай, соның салдарынан көбі елден кетуде. Сапалы адам ресурсының көші-қоны мен елдің әлеуеті билікті мамандардың кетуін тежеу үшін қысқа мерзімді шараларды қолдану туралы ойлануға итермеледі.

Арман Ерғалиев

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

10 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago