Қазақстанға келсеңдер, тілді үйреніңдер – Наталья Дементьева

Мәжіліс депутаты ресейліктерге қазақ тіліне құрметпен қарау керектігін айтты, деп жазады Халық үні порталы.

Парламент Мәжілісінің депутаты Наталья Дементьева Ресейдегі ішінара мобилизациядан кейін бас сауғалап, Қазақстанға үдере көшкен көрші елдің азаматтарына қатысты пікір білдірді.

Ол Мәжілістегі Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі ретінде және кәдімгі азамат ретінде қалыптасқан жағдайға алаңдап отырғанын, жаппай көші өзіне ұнамайтынын айтты.

Ресейліктерге айтарым, Қазақстанда қонақ екендеріңізді ұмытпаңыздар. Жергілікті халықтың өз дәстүрі, тұрмысы, ішкі жан дүниесі бар, өзінің дүниеге деген көзқарасы бар. Біздің өз менталитетіміз бар. Олар біздің бұл құндылықтарымызға міндетті түрде құрметпен қарауы керек. Ресейліктердің дені транзитпен басқа мемлекеттерге кетеді. Ал, біздің елде қалғысы келгендерге айтарым, мемлекеттік тілді үйреніңдер. Егер қазақ жерінде қаламын десе, осыны қаперлерінде ұстасын. Өйткені, тілге құрмет — елге құрмет!  

деді ол.

Осы ретте, депутат мемлекеттік тілді үйрену көбіне көп өз отандастарымызға байланысты екенін, халық, ол өз ана тілін білмейтін қазақ болсын, басқасы болсын сана сезімдерін оятып, қазақ тілін үйренуге уақыттары келгенін атап өтті. Ол тілдің қоғаммен бірге жасап, өсіп, дамитынын, егер тілімізді өшірмей, өсіргіміз келсе, онда сөзден іске көшу керектігін ескертті.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Автобус жүргізушісін ұрғаны 3 адамның өліміне әкелген жігіт сотталды

Дархан Ахметжанов 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Дархан Ахметжанов қылмыстық кодекстің 293-бабының 1-бөлігі және 351-бабының…

2 дня ago

«Қуандық қажы екен». Бишімбаев бес рет қажылыққа барған

Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қаһарман әлеуметтік желіде көпшіліктің көкейінде жүрген маңызды сұрақтарға жауап…

2 дня ago

«Имам садақаға түскен ақшаға Lexus алған» дейді

ҚМДБ мәлімдеме жасады. Әлеуметтік желі қолданушысы Оразбек Садықов тараздық имамның садақаға түскен қаражатқа қымбат көлік сатып алғанын…

2 дня ago

Алматыдағы автобус апаты: Сотталушы соңғы сөзін айтты

Алматыда үш адамның өмірін қиған автобус апатына қатысты қылмыстық іс бойынша сот жарыссөзінде Д.Ахмеджанов соңғы…

2 дня ago

Алматы әуежайында Air Astana ұшқышы есірткімен ұсталды

23 сәуір күні Алматы халықаралық әуежайында полиция қызметкерлері Air Astana әуе компаниясының екінші ұшқышы Қазыбек…

3 дня ago

Түркістанда 90 млн теңге қарызы бар қазақ жүр

Ол аздай, оны полиция ұстап алды. Көшелерді патрульдеу кезінде Түркістан қаласының патрульдік полиция қызметкерлері “Қорғау”…

3 дня ago