Қоғам

Қазақстанға қоныс аударуға ниеттілер саны артты

2023 жылғы қаңтар-маусым айларында, былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда, Қазақстанда тұруға ниет еткендер саны 87,3 пайызға өсті. Нақты сандармен айтқанда, елде тұруды растайтын құжат – ықтиярхат алғандар саны 13 652 адамды құрап отыр. Бұл туралы Azattyq Ruhy Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап хабарлайды.

Ал елден көшіп кеткендер саны бірінші жартыжылдықта 6 996 адам болған. Бұл өткен жылдың алты айымен салыстырғанда 56,7% аз. Соның нәтижесінде көші-қон сальдосы оң нәтиже көрсетті – 6 656 адам.

Бір қызығы, былтыр жыраққа қоныстанушылар саны Қазақстанды таңдағандардан әлдеқайда көп болған: 2022 жылы елде тұруға ықтиярхат алған адамдар саны 17,4 мыңды құраса, шетелге 24,1 мың адам көшіп кеткен.

2018 жылмен салыстырсақ, көрсеткіштер айтарлықтай өзгеріске ұшырады. Сол кезде шетелден 12,7 мың адам келсе, шетелдерге 41,8 мың адам кеткен. Елдің негізгі көші-қон алмасуы ТМД мемлекеттері арасында болған. Осы ретте көші-қон сальдосы 29,1 мың адамнан 6,7 мыңға дейін азайғанын айта кеткен жөн,

дейді stat.gov.kz өкілдері.

Ұлттар бойынша көрсеткішке келсек, биыл қаңтар-маусым аралығында елімізге қазақтар (4 706) ең көп қоныс аударған, одан кейін орыстар (4 622), өзбектер (593), қарақалпақтар (498) және украиндар (452) бар.

Ал сыртқа көшіп кеткен ұлттардың ішінде ең көбі орыстар (4 249), немістер (924), қазақтар (516), украиндар (456) және татарлар (168) болған.

Еске салайық, 2023 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстан халқының саны 19 899 377 адамға жетті.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago