Categories: Шолу

Қазақстанға санкциялар қаупі төніп тұр. 13 шілде

Әлеуметтік желілерде қант тапшылығына қарсы күрес, банк қызметі туралы заңға түзетулер және кеме қатынасын жандандыру туралы жаңалықтар көпшіліктің назарында болды…

Нұр-Сұлтандағы баспасөз мәслихатында теннисші Елена Рыбакина өзінің азаматтығы туралы сұраққа отандық төлқұжат пен жеке куәлігін көрсетті. Бұл әрекеті көпшілік арасында оның шын мәнінде Ресей азаматы екендігі туралы алыпқашпа әңгімелерге нүкте қойғандай болды.

Қант тапшылығы мәселесі ең өткір және өзекті болып қала береді. Ауыл шаруашылығы министрлігі арнайы өтініште республикадағы өнім қоры туралы және оның тапшылығына қарсы күрес жөніндегі шаралар туралы есеп берді. Алайда, бұл кең аудитория арасында сенім тудырмайды. Әлеуметтік желілер мен БАҚ-та әртүрлі аймақтарда түсірілген жұрттың қант үшін талас-тартысы бейнеленген видеолар кеңінен тарап жатыр.

Президент қол қойған банк қызметі туралы заңға түзетулер әрқилы реакция тудырды. Түзетуге сәйкес, ағымдағы несие үстінен тағы несие алу біршама қиындайды. Пікір білдірушілердің бір бөлігі бұл адам құқығы мен мүмкіндіктерін шектеу деп ойлайды. Бірақ сонымен бірге, микронесие бойынша сыйақының шекті мәні және тұрақсыздық айыбының мөлшеріне қатысты түзетулер оң қабылданды.

Ақтауда түсірілген бейнежазба көпшіліктің наразылығын тудырды. Онда бала жағажайда жатқан итбалыққа тас лақтырады. Көпшілік екі жыл бұрыңғы дәл осындай жағдай бейнеленген видеоны есіне алып, жануарларды қорғау мәселесіндегі олқылықтар әлі шешілмегенінің көрінісі деп бағалады.

Белгілі продюсер Баян Алагөзованың бұрынғы күйеуі Бақытбек Есентаевты түрмеден шартты түрде мерзімінен бұрын босату әлеуметтік желілер мен БАҚ-та көп талқыланған жаңалық болды. Естеріңізге сала кетейік, 2016 жылы ол оған ауыр дене жарақаттарын салған болатын. Аудиторияның бір бөлігі Алагөзованы соттан бұрыңғы күйеуіне жеңілдік сұрағаны үшін сынады.

Алматы әкімдігінің қала тұрғындарына медициналық маска тағу туралы өтініші оңтүстік астана тұрғындарының ашуын тудырды. Көптеген адам бұл шараны шамадан тыс деп санайды немесе ковид-диссидент аңыздарына жатқызады.

Абай облысы әкімінің Семейдегі кеме қатынасын жандандыру жобасы туралы жаңалық оң қабылданды. Сөз Қазақстан мен Ресей арасындағы көлік бағыттарын нығайту туралы болып отырғандықтан аудиторияның бір бөлігі бұған наразы болды.

Медиа және әлеуметтік желілерде Қазақстанға қарсы қайталама санкциялар қаупі талқылануда, өйткені біздің еліміз Америка үкіметінің мәліметтері бойынша Ресей мен Беларусь үшін тыйым салынған тауарларды жеткізу пункті ретінде қызмет ететін мемлекеттер тізіміне қосылды.

Президент Тоқаев пен Владимир Путиннің телефон арқылы сөйлесуі де аудиторияның жағымсыз реакциясын тудырды. Көпшіліктің пікірінше, әңгіменің оң сарында өрбуі (Ақорда сайтының мәліметінше) екі ел арасындағы қарым-қатынастардағы қарама-қайшылықтарды жасыратын дипломатиялық рәсім ғана.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

1 день ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

1 день ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

1 день ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

1 день ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

1 день ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

2 дня ago