Categories: Экономика

Қазақстан АҚШ пен Қытай текетіресінің құрбаны ма?

Қытайдың Қазақстанда экономикалық тұрғыда өсуі көпшілік үшін қорқынышты оқиға болғанымен, іс жүзінде ол азайып барады. Бұл жақсы ма әлде жаман ба?

Белгілі қытайтанушы Әділ Кәукенов өзінің «Қазақ қытайтанушысының жазбалары» телеграм-каналында былай деді:

«Қазақстанда Қытай инвестиция көлемі бойынша 7-орынға түсіп кетті. Ал кезінде ол Қазақстанға салған инвестиция көлемі бойынша әрдайым үздік үштікке кіретін еді. Осының барлығы соңғы 6-7 жыл ішінде өзгертіле алмаған Қазақстан-Қытай экономикалық қарым-қатынасының тоқырау үрдісінің бір бөлігі.

Бұл тренд АҚШ-Қытай қақтығыстарымен байланысты болуы мүмкін. Шынында да, Дональд Трамптың президенттігі кезінде бірқатар ықпалды қазақстандық сарапшылар Қытайдан алыстауға кеңес берген еді. Олар АҚШ бірнеше жыл ішінде Қытай экономикасын жойып жібереді деп қате болжаған.

Мұндай сценарийлердің күлкілі екендігі туралы айтқан қытайтанушылардың пікірлері еш еленбеді. Болжам орындалмады, бірақ көңілде кірбің қалды деуге болады».

Саясаттанушы Марат Шибутов та онымен толық келіседі:

«Қазақстан мен Қытай арасындағы қарым-қатынас біздің еліміз үшін маңызды болып табылады, бірақ көбісі олардың Орталық Азия елдері мен Ресейдің Қытаймен қарым-қатынасына да әсер ететінін түсінбейді. Сондықтан оларды үнемі қадағалап отыру керек – бұл бәріне қатысты».

Фариза Сагындыкова

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago