Categories: Қоғам

Қазақстанға Қытай, Өзбекстан, Түркиядан жұмыс іздеп келетіндер көбейді

Биыл 1 мамырдағы жағдай бойынша жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен Қазақстанда 15 129 шетел азаматы еңбек етеді. Бұл туралы Aikyn.kz сайты хабарлайды.

Шетелден жұмыс күшін тартуға рұқсаттың арасында мынадай санаттар бар: басшылар мен олардың орынбасарлары үшін 583 рұқсат (бірінші санат), құрылымдық бөлімшелердің басшылары үшін 2 993 рұқсат (екінші санат). Оның негізгі бөлігі үшінші (мамандар) және төртінші (білікті жұмысшылар) санатқа жатады. Олардың саны – 7 080 және 891 адам. Сондай-ақ маусымдық жұмысқа – 1 717 адам, ал корпоративтік ауыстыру аясында 1 865 адам тартылды.

Қазіргі уақытта Қазақстанда шетелдік жұмыс күшін пайдаланатын 1 746 жұмыс беруші бар. Оларда 411,5 мыңнан астам Қазақстан азаматы жұмыс істейді, бұл қызметкерлердің жалпы санының – 96%-ы.

Экономикалық қызмет түрлері бойынша ең көп жұмыс істейтіндер құрылыс саласында – 5 317 адам (35%), ауыл, орман және балық шаруашылығы – 1 572 адам (10%), тау-кен өнеркәсібі және карьерлерді қазу – 1 443 адам (10%), кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет – 979 адам (7% ), өңдеу өнеркәсібі –  960 адам (7%).

Еңбек мигранттары келетін негізгі елдер: Қытай – 3 652  адам (24%), Өзбекстан – 1 843 адам (12%), Үндістан – 1 741 адам (12%), Түркия – 1 534 адам (10%).

Ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында биыл 22 260 квота белгіленді.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Жалған техникалық тексеру 100 АЕК айыппұл салынбақ

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне автокөлікті жалған техникалық тексеруден өткізуге қатысты айыппұлды 30…

3 дня ago

Кредиті айлығының жартысына жеткендерге жаңа несие бермейді

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…

4 дня ago

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

5 дней ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

5 дней ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

5 дней ago

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

7 дней ago