Categories: Экономика

Қазақстан қант тапшылығына қалай және неге тап болды

Қазақстан сырттан келетін қантқа 90% тәуелді.

14 шілдеде өткен ҚР үкіметінің кеңейтілген отырысында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев азық-түлікпен қамтамасыз ету бойынша әлсіз жұмысы үшін сауда министрлігі мен АШМ басшыларына сөгіс жариялады. Ал халықтың қантқа таласы түсірілген видеолар туралы сөйлеген ол шенеуніктердің әрекетін бір ауыз сөзбен «Масқара» деп бағалады.

Күтпеген мораторий

Қазақстанда қант тапшылығы Ресейден ЕАЭО-ның барлық еліне қантты экспорттауға уақытша (31 тамызға дейін) тыйым салу күшіне енген сәттен басталды. Мұндай шараға Ресей үкіметі наурызда Украинаға басып кіруіне байланысты Батыс санкцияларынан ішкі нарықты қорғау мақсатында барған болатын.

2021 жылғы ресми деректер бойынша Қазақстан тұтынылатын қанттың 55%-ын РФ-дан импорттаған, кейбір бөлігін Беларусьтен (сәуірде экспортқа мораторий жарияланды), Украинадан, Бразилиядан, Үндістаннан және Мексикадан жеткізген. Өзіндік өндіріс шамамен 40%-ды құрайды.  

Сондықтан Ресей билігінің шешімі Қазақстан нарығынан бірден көрініс тапты. Ең алдымен, бағадан.

1000 теңгеге де жетуі мүмкін

Сәуірде құмшекер бағасы бір келісі үшін 285 теңгеден 400-ге дейін өсті. Бүгінде өнімнің көтерме бағасы 700 теңгеден асады, онда да базар сөрелерінен оны табу қиын. Дүкен, супермаркеттерінен табылғанымен әр қолға 2 келіден көп берілмейді деген ереже бар. Кейбір сарапшылардың пікірінше күзге қарай қант бағасы 1000 теңгеге дейін қымбаттайды.

Супермаркет пен базар сөрелерінде қант пайда болған бойда сатылып кетіп жатыр. Кей жерде жұрт кезекті сақтамай, бірін-бірі итеріп, 2022 жылдың ең қолжетпес өніміне талас ұйымдастыруда. Маусымдық тосап қайнату уақытында қантқа деген сұраныстың жоғары болуы заңды.

«Менікі кінәлім емес»

Үш ай бойы Қазақстанда шенеуніктер қант тапшылығы барын мойындамай келді. Жергілікті БАҚ-тың сауалдарына олар арнайы қоймаларда қант қоры барын, және зауыттар республиканың қантқа сұранысын толықтай қамтамасыз етіп отыр деп сендірді. Тек әр өңірден құмшекер мен рафинад дүкендерінен толығымен жоғалып кеткені туралы хабарламалар түсе бастаған кезде ғана Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов туындаған жағдайдың маңыздылығын мойындады.

Қазір 350 мың тонна бар. Біз басқа елдерден қант сұрап жатырмыз. Әлемде Бразилия, Үндістан және Вьетнам ірі жеткізушілердің бірі болып саналады. Бірақ Үндістан шектеу қойды, сондықтан келіссөздер жүргіземіз. Бүгінде қабылданған 350 мың тоннадан бөлек тағы 100 мың тонна сұрадық,

деді Сауда министрлігінің басшысы үкімет кулуарында.

Импортқа тәуелділікті азайту керек

Ал бүгін үкіметтің кеңейтілген отырысында президент елдегі қант мәселесіне ерекше тоқталып, тапшылықтың алдын ала алмаған министрлерді сынға алды. Атап айтқанда, премьер-министрдің орынбасары — Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановқа және Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеевке сөгіс жариялады.

Бұған дейін іске қосылған жеті қант зауытының төртеуі ғана жұмыс істейді — Алматы мен Жамбыл облыстарында. Олардың жүктемесі тек 31%. Ауыл шаруашылығы министрлігі 2026 жылға қарай қызылша қантының үлесін 6 есеге (7-ден 43 пайызға дейін) арттыруды жоспарлап отыр. Дегенмен, соңғы төрт жылда қант қызылшасының алқаптары үштен бірге қысқарды,

деді президент.

Мемлекет басшысы үкіметке тез арада қант өнеркәсібін дамытудың жеке салалық жобасын әзірлеуді тапсырды. Мақсат – импортқа тәуелділікті айтарлықтай төмендету, өзін-өзі қамтамасыз етуге кезең-кезеңімен көшу.

Біз сырттан келетін қантқа 90% тәуелдіміз. Бұл жерде ЕАЭО аясындағы шешімдерге сілтеме жасауға болады, бірақ бұл, қалай болғанда да, үкіметтің есептілік кезіндегі қателігі. Бұл олардың мемлекеттің ұстанымын қорғай алмағандығын білдіреді,

деп кесіп айтты мемлекет басшысы.

Оның айтуынша, ішкі және шетелдік инвесторлар тарапынан бұл салаға деген қызығушылық өте жоғары, алайда дұрыс тәсілдер қажет. Бұл басқалармен қатар ішкі саяси мәні бар принциптік мәселе, деп қорытындылады Қасым-Жомарт Тоқаев.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

1 день ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

1 день ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

1 день ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

1 день ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

1 день ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

2 дня ago