Иллюстрация: Бекзат Исамбергенов
Factcheck.kz порталы кредит Қазақстан азаматтарының шынайы өмірін қалай бүркемелейтіні туралы зарттеу мақаласын жариялады.
Мақала авторы Мадина Жақсылықова ел азаматтары кредитті өмірін жақсарту үшін емес, күн көру үшін алатынын анықтады.
Ресми деректер бойынша, 2022 жылғы бірінші тоқсандағы бір қазақстандық қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 285,4 мың теңге болды. Бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 230,8 мың теңге еді. 2022 жылғы мамырдағы зейнетақының орташа мөлшері 105,2 мың теңге, ал 2021 жылғы мамырда 97,5 мың теңге болды. Былтырдан бері өмір сүру минимумы 7 мың теңгеге өсіп, 2022 жылғы мамырда 42,6 мың теңге болды.
Ұлттық статистика бюросы мәліметіне сүйенсек, 2022 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша Қазақстанда жұмыс күші санатында 9,27 миллион адам бар. 7,2 миллион адам кредит төлеп жатыр. Осылайша, төлеп жатқан кредиті бар жұмыс күшінің болжамды үлесі 77,7% болып тұр. Демек еңбекке жарамды 5 қазақстандықтың төртеуі дерлік кредит төлейді, 2 миллионы ғана кредитсіз өмір сүріп жатыр.
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мәліметі бойынша, жыл басында жеке тұлғалардың негізгі қарызы бойынша берешегінің орташа мөлшері 1,589 млн теңге болды. Бірінші несие бюросының есептеуі бойынша, халықтың 27,8%-інде екі, 13,3%-інде үш, 6,3%-де төрт, 7%-інде бес және одан да көп кредит бар.
Оның үстіне былтыр елімізде 333 мыңға жуық адам кредит алушылар қатарына қосылды. 2010-2021 жылдар аралығында жеке тұлғалардың кредит алу көлемі 2,1 трлн теңгеден 10,7 трлн теңгеге өсті.
Қаржы аналитигі Расул Рысмамбетовтің пікірінше, қазақстандықтар табысы мен тұрмыс деңгейі көтерілгендіктен емес, күн көру үшін ғана қарызға батып отыр. Жеке тұлғаларға берілген несиелердің ішінде тұтынушылық несиелердің үлесі — 66%.
Егер 2000-жылдары азаматтар кредит жүктемесінің өсуі сәнді тауарлар алуға, 2-ші және 3-ші пәтер сатып алуға қатысты болса, қазіргі тұтынушылық кредит алудың өсуі отандастарымыздың кедей екеніне байланысты. Адамдар несиеге киім-кешек, қажет тұрмыстық техника, көбінесе балаларға арналған мектеп формасын және басқа да қарапайым заттар алады. Сондықтан кредиттің қазіргі өсімі халықтың табысы төмен екенін жасырады,
дейді аналитик.
Маманның айтуынша, халық көбіне 1 қыркүйек пен Жаңа жылға қарай кредит ала бастайды. Көбісі баланы мектепке дайындау үшін, сыйлық сатып алуға, дастархан жаюға алады.
Мақала авторы материал соңын мынадай сұрақтармен аяқтайды:
Бұл қазақстандықтардың жақсы өмір сүре бастағанын, кредиті қалта қақпайтынын және шындықты жасырмайтынын білдіре ме? Әлде елдегі экономикалық көрсеткіштің жақсаруы жасанды түрде жүріп жатыр ма? Ал билік өмір сүру құны мен әлеуметтік төлем көлемін айтарлықтай көтеру керек пе?
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…