Спорт

Қазақстан азаматтығын алған шетелдік 126 спортшының 79-ы өз еліне кетіп қалған

Мемлекеттен олардың жағдайын жасауға жүздеген миллион теңге жұмсалған.

Тәуелсіздік жылдары Қазақстан азаматтығын алған шетелдік спортшылардан көп пайда болмаған секілді, дейді 1bol.kz.

Отыз жылдан астам уақытта біздің елдің паспортын алған 126 спортшы болса, соның 79-ы өз еліне қайта кетіп қалыпты.

Бұл туралы Антикор жүргізген тергеу-тексеру амалдарынан кейін белгілі болып отыр.

Айта кетейік, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Туризм және спорт министрлігімен бірігіп, спорт саласындағы біраз былықтың бетін ашты. Оның қатарында осы шетелдік спортшылардың натурализациясы бар.

Жоғары жетістіктер спортының бюджеті (340 млрд теңге) бұқаралық спортқа (35 млрд теңге) қарағанда 9 есе артық. Кәсіби спорт саласында ашық емес және субъективті төлемдер үшін жағдайлар жасалған, ал бұқаралық спортта қаражат бөлу рәсімі цифрландырылған, халықтың қажеттіліктеріне байланысты және атаулы сипатта болады. Жоғары жетістіктер спортында шетелдік ойыншылардың натурализация процестері қалыпты жағдайға айналды. Тәуелсіздік жылдары Қазақстан олимпиадалық спорт түрлеріне 126 шетелдік азаматтарды алды, оның ішінде әрбір екінші ойыншысы (79) Отанына оралды,

делінген Антикор таратқан ресми хабарламада.

Бұған дейін Агенттік «Самұрық Қазына» АҚ-ның спорттық клубтарға соңғы алты жылда 138 млрд теңге жұмсағаны айтылған болатын.

Сайт Әкімшілігі

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago