Қазақстан азаматтығын алатындар мемлекеттік тілден емтихан тапсырады

Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов мәлімдеді.

Inform.kz хабарлауынша, бүгін Сенаттың жалпы отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында тілшілер Үкімет басшысынан мемлекеттік тілді білмейтіндерге Қазақстан азаматтығын бермейтін заң қабылдау мүмкіндігіне қатысты сұрақ қойды. Осы орайда бұл бағыттағы жұмыстар қалай жүргізілетінін сұралды.

Тиісті заңнамаға өзгерістер қаралып жатыр. Осы нормалар Үкіметте келісу сатысынан өтуде. Жалпы, бұл нормаларды қолдаймыз. Сондықтан осындай өзгерістерді заңнамаға енгізу керек деп санаймыз,

деді Ә. Смайылов.

Бұл тұрғыда ол аталған өзгерістер халықаралық тәжірибеге сүйеніп дайындалғанын атап өтті.

Көптеген елде азаматтық алу үшін мемлекеттік тілді және сол елдің тарихын білу керек, сондай-ақ тиісті емтихан тапсыру міндеттеледі. Германияда, Түркияда, Канадада, Ресейде және басқа да мемлекеттерде осындай талаптар бар. Ол талаптар аясында азаматтық алатын адамдар сол қоғамға тез бейімделіп кетуіне ықпал етеді. Сондықтан тиісті емтихан тапсыру керек деп ойлаймыз, яғни азаматтық алатындар бұл талаптарға сай болуы қажет,

деді Премьер-Министр.

Сонымен қатар Үкімет басшысы кейбір санаттарға бұл талаптар қолданылмауы мүмкін екенін жеткізді.

Этникалық қазақтарға және кәмелетке толмағандарға, сондай-ақ халықаралық шарттарға сәйкес жеңілдетілген тәртіппен азаматтық алатын адамдарға аталған талаптар қолданылмайды. Осы орайда Қазақстанда жақын туыстары тұрса немесе жұбайы Қазақстан азаматы болса, сондай-ақ елімізге еңбегі сіңген адам болса, онда тиісті шешіммен жеңілдетілген түрде осы адамдар азаматтық ала алады,

деді Әлихан Смайылов.

Оның сөзіне қарағанда, Үкіметтегі келісу сатысынан өткеннен кейін, бұл құжат жақын арада Парламенттің қарауына түседі. Бұдан бұрын хабарланғандай, мемлекеттік тілді білмейтіндерге Қазақстан азаматтығын бермейтін заң қабылданады.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

2 часа ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

23 часа ago

Шымкентте мектеп директоры 48 млн теңге жымқырды

Шымкентте 48 млн теңге жымқырды деген айып тағылған №44 орта мектеп директоры және оның орынбасары,…

24 часа ago

Студенттердің тамақтануы: фастфуд басым болып келе ме?

«Денсаулық» Ұлттық қауымдастығы» ЗТБ және Алматы Менеджмент Университеті (AlmaU) Алматының студент жастарының салауатты өмір салтына…

2 дня ago

Ақтауда мектеп күзетшісі оқушы қызды зорламақ болды

Оқиға 11-шағын ауданда орналасқан №10 мектепте жексенбі күні болған, деп хабарлады sadaqmedia.kz. Білім беру ұйымының…

2 дня ago

Бектенов Ақмола облысында Президент тапсырмасының орындалу барысын тексерді

Премьер-Министр Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды. Үкімет басшысы өңірдегі көктемгі егіс жұмыстарының барысын…

2 дня ago