Қоғам

Қазақстан «бақытты елдер» рейтингінде Өзбекстаннан қалып қойды

World Happiness Report жариялаған әлемдегі ең бақытты елдердің рейтингінде Қазақстан 146 елдің ішінен 49-орын алды.

Бұл туралы EL.kz хабарлады.

Осылайша, Орталық Азия бойынша екінші орынға ие болды. Ал 47-орында Өзбекстан тұр.Былтыр бұл көрсеткіште Қазақстан 44-орынды, Өзбекстан 55-орынды иеленген еді.

«Бақытты елдер» тізімінің көшін Солтүстік Еуропа елдері бастап тұр. Бірінші орында жеті жылдан бері Финляндия тұрса, Дания мен Исландия үздік үштікке енген.

Бұл рейтингтің төменгі орынында әлі де Ауғанстан тұр. Одан бөлек, Ливан, Лесото, Сьерра-Леоне және Конго да бар.

Айта кетейік, баяндамада 140 астам елден келген адамдар арасында жүргізілген жаһандық сауалнама деректері пайдаланылған.

Сайт Әкімшілігі

Recent Posts

Студенттердің тамақтануы: фастфуд басым болып келе ме?

«Денсаулық» Ұлттық қауымдастығы» ЗТБ және Алматы Менеджмент Университеті (AlmaU) Алматының студент жастарының салауатты өмір салтына…

7 часов ago

Ақтауда мектеп күзетшісі оқушы қызды зорламақ болды

Оқиға 11-шағын ауданда орналасқан №10 мектепте жексенбі күні болған, деп хабарлады sadaqmedia.kz. Білім беру ұйымының…

13 часов ago

Бектенов Ақмола облысында Президент тапсырмасының орындалу барысын тексерді

Премьер-Министр Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды. Үкімет басшысы өңірдегі көктемгі егіс жұмыстарының барысын…

14 часов ago

СҚО-да аудан әкімінің орынбасары парамен ұсталды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті облыс аудандарының бірінің әкім орынбасары мен…

14 часов ago

Халықты оңтүстіктен солтүстікке қоныстандыруға бөлінген ақша ұрланды

Павлодар облысының прокуратурасы «Қуатты өңірлер - ел дамуының драйвері» Ұлттық жобасын іске асыру аясында (азаматтарды оңтүстік аймақтардан…

2 дня ago

Мемлекет басшысы Аида Балаеваны қабылдады

Президентке Мәдениет және ақпарат министрлігінің атқарған жұмыстарының нәтижесі, сондай-ақ ведомствоның алдағы қызметі барысында қолданылатын перспективті…

3 дня ago