Фото: Primeminister.kz
Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Қазақстан экономикасын дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған үш ықтимал сценариін ұсынды.
Микроқаржы ұйымдарының консенсус болжамы бойынша, 2022 жылы мұнайдың әлемдік бағасы барреліне $104,2 деңгейінде болуы мүмкін. 2023 жылы әлемдік экономиканың өсімі 3% болады.
Сыртқы және ішкі параметрлердің өзгеруіне байланысты Қазақстан экономикасын дамытудың 2023–2027 жылдарға арналған үш сценариі әзірленді.
Базалық сценарий бойынша, мұнайдың орташа бағасын барреліне $85 деңгейінде және доллардың болжамды бағамын 470 теңге деңгейінде пайдалану ұсынылады. Осы сценарий бойынша ЖІӨ-нің орташа жылдық нақты өсімі 3,9%, оның ішінде 2023 жылы 4% болады,
деді Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров үкімет отырысында.
Оптимистік сценарий бойынша, мұнайдың болжалды бағасы барреліне $110, доллар бағамы 440 теңге болып белгіленді. Экономиканың орташа жылдық өсімі 4,2% деңгейінде болады деп болжанып отыр.
Пессимистік сценарий мұнай бағасы барреліне 60 доллар болады деп болжайды. ЖІӨ-нің болжалды нақты өсімі орта есеппен 3,5% болады,
деді министр.
Әлібек Қуантыров болжам 2021 жылғы экономикалық өсім туралы қорытынды мәліметтерді, халықаралық қаржы ұйымдарының әлемдік экономиканың өсуіне және экспорттық тауарлар бағасына қатысты не күтетіні ескеріле отырып жасалғанын айтты.
Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…
Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…
Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…
Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…
Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…