Қазақстан Еуропада бойынша газы ең қолжетімді ел деп танылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Еуропа елдерінің ішіндегі 32 мемлекет арасында ең төмен газ тарифтері Қазақстанда. Мұнда 1000 текше метр үшін газ құны болғаны 58,5 доллар.
Екінші орында Ресей – 96,2 доллар. Беларусьте 138,7 долларды құрайды.
Еуропадағы ең қымбат газды Швеция тұрғындары сатып алады, мұнда 1000 текше метрге 1973,8 доллар. Дания да ең «қымбат» елдердің қатарында, мұнда газ тарифы 1363,4 доллар және Нидерланды 1191,5 долларды құрайды.
Сонымен қатар, тұрғындар үшін газ құнының жалақыға қатынасы маңызды.
Қазақстан осы көрсеткіш бойынша да көш бастап тұр. Орташа жалақыға 8,6 мың текше метр табиғи газ сатып алуға болады. Ресейде орташа жалақыға 7,5 мың текше метр газ келеді және Ұлыбританияда орташа жалақыға 6,3 мың текше метр газ қолжетімді.
Газдың қол жетімділік рейтингі бойынша Молдова, Болгария және Грецияда орташа жалақыға газ сатып алу халық үшін тиімсіз.
Қазақстанда газ құнының төмендігі бұрыннан байқалады Мысалы, 2019 жылы тарифтер тіпті төмендеп, 4,3% — ға арзандаған. 2020 жылы баға тек 0,3%-ға өсті. 2021 жылы желтоқсанға қарай баға 5,5% — ға артты.
Қазақстанда газ бағасының қолжетімділігі және отбасылық бюджетке түсетін жүктеменің төмендігі байқалады.Алайда бұл қазақстандықтардың табиғи ресурсты шексіз қолдана алады дегенді білдірмейді.
Газды үнемдеу ақшадан бөлек, халықтың экологиялық әл-ауқатына да оң әсер етеді.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…