Қазақстан Еуропа бойынша газ тарифы ең арзан мемлекет ретінде аталды

Қазақстан Еуропада бойынша газы ең қолжетімді ел деп танылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Еуропа елдерінің ішіндегі 32 мемлекет арасында ең төмен газ тарифтері Қазақстанда.  Мұнда 1000 текше метр үшін газ құны  болғаны 58,5 доллар.

Екінші орында Ресей – 96,2 доллар. Беларусьте 138,7 долларды құрайды.

Еуропадағы ең қымбат газды Швеция тұрғындары сатып алады, мұнда 1000 текше метрге 1973,8 доллар. Дания да ең «қымбат» елдердің қатарында, мұнда газ тарифы 1363,4 доллар және Нидерланды 1191,5 долларды құрайды.

Сонымен қатар, тұрғындар үшін газ құнының жалақыға қатынасы маңызды.

Қазақстан осы көрсеткіш бойынша да көш бастап тұр. Орташа жалақыға 8,6 мың текше метр табиғи газ сатып алуға болады. Ресейде орташа жалақыға 7,5 мың текше метр газ келеді және Ұлыбританияда орташа жалақыға 6,3 мың текше метр газ қолжетімді.

Газдың қол жетімділік рейтингі бойынша Молдова, Болгария және Грецияда орташа жалақыға газ сатып алу халық үшін тиімсіз.

Қазақстанда газ құнының төмендігі бұрыннан байқалады Мысалы, 2019 жылы тарифтер тіпті төмендеп, 4,3% — ға арзандаған. 2020 жылы баға тек 0,3%-ға өсті. 2021 жылы желтоқсанға қарай баға 5,5% — ға артты.

Қазақстанда газ бағасының қолжетімділігі және отбасылық бюджетке түсетін жүктеменің төмендігі байқалады.Алайда бұл қазақстандықтардың табиғи ресурсты шексіз қолдана алады дегенді білдірмейді.

Газды үнемдеу ақшадан бөлек, халықтың экологиялық әл-ауқатына да оң әсер етеді.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

2 дня ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

2 дня ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

2 дня ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

2 дня ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

3 дня ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

3 дня ago