Қазақстан Еуропалық Одақпен байланысты нығайтуға ниетті

ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов «Қазақстан-Еурокеңес» диалог платформасы отырысын өткізді. Бұл туралы министрлер кабинеті басшылығының баспасөз қызметі хабарлады.

Шараға Еуропалық Одақтың Қазақстандағы өкілдігі басшысы, біздің елдегі Германия, Франция, Испания, Литва, Польша, Бельгия, Швеция, Словакия, Эстония, Хорватия, Нидерланды, Болгария, Чехия, Латвия, Финляндия, Италия, Австрия, Грекия және Румыния елшілері және орталық мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялар басшысы қатысты. 

Отырысты ашқан премьер-министр Еуропалық Одақ көп жыл бойы Қазақстанның негізгі саяси, сауда-экономикалық және инвестициялық серіктестерінің бірі екенін айтып өтті.

2022 жылдың алғашқы алты айында Қазақстан мен ЕО елдері арасындағы тауар айналымы 20,1 млрд доллар болды. Бұл 2021 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 51,2%-ке жоғары.

Бірінші тоқсан қорытындысы бойынша шетелдік инвестициялардың жалпы ағыны 54%-ке өсіп, 6,8 млрд доллар болды. Сонымен қатар, тау-кен өнеркәсібінде капиталды тарту деңгейі 35,7%-ке өсіп, 3,5 млрд доллар болды.

Еуроодақ қазақстандық тау-кен өнеркәсібіне қызығатынын көріп отырмыз. Шынында да, бұл саладағы ынтымақтастықтың әлеуеті орасан зор. Осыған байланысты біз Еуропалық Одақ елдерінің геологиялық қызметтерін цифрландыру, геология ғылымын дамыту және салалық инфрақұрылымды құру саласындағы бірлескен серіктестікке шақырамыз,

деді Әлихан Смайылов.

Премьер-министр саланы автоматтандыру аясында жер қойнауын пайдалану саласындағы барлық қолданыстағы ақпараттық жүйені біріктіру және интеграциялау арқылы бірыңғай Kaznedra платформасы құрылып жатқанын айтып өтті. Бұл платформа «бірыңғай терезе» режимінде инвесторларға кешенді сервис қолдауды жеңілдетеді.

Үкімет басшысы Қазақстан геологиялық барлаудың дәстүрлі түрлерімен қатар геофизикалық зерттеулердің озық әдістеріне де қызығушылық танытып отырғанын айтты.

Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, Қазақстанның Еуропалық Одақ елдерімен экономикалық ынтымақтастығымызды кеңейтуге және нығайтуға деген ниеті нық екенін тағы да растаймын,

деді Әлихан Смайылов.

Кездесу кезінде қатысушылар тау-кен өндіру, жаңа технологияларды қолдану, геологиялық деректерді цифрландыру, инвестиция тарту, өндірістік қалдықтарды өңдеу және қоршаған ортаны қорғау мәселелерін талқылады.

Таңшолпан Төлеген

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

9 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago