Categories: Спорт

Қазақстан футболшылары түркияда легионер саналмайды

Түркия футбол федерациясы 2023/2024 маусымынан бастап, түркі тілдес елдердің футболшыларын легионер ретінде санаудан бас тартады. Бұл мемлекеттердің қатарына Қазақстан, Өзбекстан, Қырғыз Республикасы, Түркіменстан, Әзербайжан кіреді.

Осы орайда тәуелсіздіктен бері Қазақстанның футболшылары Түркияда көп ойнаған ба деген сұраққа жауап іздеп көрдім.

Евгений Яровенко — 1988 жылы Сеулде өткен Олимпиадада КСРО сапында доп теуіп, финалда Бразилияны 2:1 есебімен жеңген.

30 жастағы футболшы 1993-1995 жылдар аралығында Түркияның жоғары лигасында «Сарыерспор» клубында 34 ойын өткізген.

Александр Меркель — 29 жастағы футболшы 2021-2023 жылдар  аралығында Түркияның жоғары лигасында «Газиантеп» клубында 34 ойын өткізіп, 3 гол соққан.

Әли Алиев — 27 жастағы футболшы 2007-2012 жылдары Түркияның 4 клубында (Акчаабат Себатспор, Кайсери Эрджиесспор, Карталспор, Диярбакырспор) 96 ойын өткізіп, 7 гол соқты.

Давид Лория — 31 жастағы қақпашы 2012 жылы Түркияның бірінші лигасында «Ризеспор» клубында өнер көрсетіп, жоғары лигаға өтуге көмектесті. Маусым қорытындысында бірінші лиганың үздік қақпашысы ретінде танылды. 2014 жылы өзге «Каршияк» клубында 7 ай өнер көрсетті.

Самат Смақов — 35 жастағы футболшы 2013 жылы Түркияның бірінші лигасында «Ризеспор» клубында 18 ойын өткізіп, 2 гол соқты. Маусым қорытындысында бірінші лиганың үздік қорғаушысы ретінде танылды.

Антон Чичулин — 30 жастағы футболшы 2014 жылы Түркияның бірінші лигасында «Гиресунспор» клубында 18 ойын өткізіп, 1 гол соқты.

Қанат Байұзақ.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago