Грузиядан Орталық Азия елдеріне автокөліктердің реэкспорты 215% өсті. Бұл тізімде Қазақстан көш бастап тұр, деп хабарлайды «Хабар 24» телеарнасы.
Былтырмен салыстырғанда биыл қазақстандық сатып алушылар көлікті үш есе көп сатып алған. Кавказдағы ең үлкен кешен — Рустави автобазарына АҚШ, Еуропа және Жапонияның көліктері келіп жатыр. Осы жердегі көліктер басқа елдерге жеткізіледі. Жұма, сенбі, жексенбі күндері мұнда ондаған мың сатып алушылар келеді. Биыл автокөліктердің реэкспорты бойынша Қазақстан бірінші орында. Одан кейін Қырғызстан мен Тәжікстан.
Бізде Орталық Азия елдеріне реэкспорт бойынша өте жақсы көрсеткіш бар. Оның ішінде Қазақстан бірінші орында. Өткен жылмен салыстырғанда реэкспорт көрсеткіші бес есе өсті. Егер бұрын жалпы алғанда, бізден Орталық Азияға 200-ден аса көлік жеткізілсе, қазір бұл көрсеткіш айына шамамен, 1 500 көлікті құрайды
деді автобазардың маркетинг және жарнама жөніндегі директоры Стелла Камандарова.
Биыл Руставидегі көлік нарығына шыққан көліктер саны сұраныстың артуына байланысты 33% өсті. Соның ішінде бұл сұраныс қазақстандықтар тарапынан бар.
Мұнда көлік түрі көп. Төрт мыңнан алты мыңға дейін көлік бар. Басқа елге қарағанда осы жерден көлік сатып алып, оны Қазақстанға тез жеткізуге болады
деді қазақстандық Қуаныш Қаликов.
Жыл басынан бері қазақстандықтар Грузияда 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 270% көп көлік сатып алған. Бұл кейінгі онжылдықтағы ең жоғары көрсеткіш. Грузияның автокөліктердің реэкспортынан түскен қаржы биыл 590 миллион доллар. Грузия Орталық Азия елдерімен сауда қатынастарын одан әрі жақсартып, логистика саласын дамытуға ниетті.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…