Фото: ашық дереккөзден
Бұл шара бюджет тапшылығын жабуға жұмсалмақ.
ҚР Парламент Сенатының отырысында Қазақстан мен Халықаралық Қайта құру және даму банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді ратификациялаутуралы заң жобасы қаралды.
Белгілі болғандай, 2022 жылдың 2 шілдесіндегі ҚР Президентінің Жарлығына сәйкес 345,7 млн еуро сомасындағы Қарыз туралы келісімге 24 тамызда қол қойылған. Бұл заң мемлекеттің одан әрі әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған шаралар кешенін қолдауға арналған.
Қарыз толығымен бюджет тапшылығын қаржыландыруға бағытталатын болады. Қаражат республикалық бюджетте көзделген әлеуметтік және басқа да мақсаттарға арналған бюджет шығыстарын жабуға мүмкіндік береді,
деп түсіндірді ҚР Премьер-министрінің орынбасары — Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев.
Оның айтуынша, 345 700 000 (үш жүз қырық бес миллион жеті жүз мың) еуро сомасындағы қарыз Қазақстанға 1,5 жылға беріледі. Оның ішінде 2,5 жылға жеңілдік көзделген.
Сыйақы ставкасы Еурибор және өзгермелі спредтен тұрады. Біржолғы комиссия да игерілмеген қарыз қалдығына есептелген резервтік комиссия 0,25% құрайды. Қарызға қызмет көрсету және оны өтеу келісімде белгiленген қаржылық шарттарға сәйкес жүзеге асырылады.
Тартылған кредитке қызмет көрсетуді және оны өтеуді Қаржы министрлігі Қарыз туралы келісімде белгіленген қаржылық шарттарға сәйкес алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат есебінен жүзеге асырады,
деді Е. Жамаубаев.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…