Categories: Ғылым

Қазақстан халықтың цифрландыру деңгейі бойынша әлемде 15-ші орынға ие болды

Азаматтардың электрондық қызмет алу деңгейі бойынша Қазақстан әлемде 15-ші орынға ие болды, ал дамығандығы бойынша — e-Government 28-ші орында. Бұл туралы БҰҰ мониторингінен белгілі болды.

Электрондық үкіметі дамыған елдер рейтингіне 193 ел қатысты. Айта кетейік, 2020 жылы Қазақстан бұл тізімде 29-шы орында болатын.

Электрондық үкіметтің даму индексі бойынша үздік 10-қа Дания, Финляндия, Корея, Жаңа Зеландия, Исландия, Швеция, Австралия, Эстония, Нидерланды, АҚШ сияқты елдер кірді. Қазақстан бұл рейтингте 28-ші орынды иеленді.

EGDI онлайн қызметтерді ұсыну, телекоммуникация және адам әлеуеті сияқты маңызды тармақтардан тұрады.

Сондай-ақ, индекс қол жетімділік сипаттамаларын қамтиды (инфрақұрылым мен білім деңгейі), халықтың қол жетімділігі мен қатысуын кеңейту үшін ел ақпараттық технологияларды қалай пайдаланып жүргенін талдайды.

Бұл ретте азаматтардың электрондық қызмет алу рейтингінде (E-Participation Index, Epi) Қазақстан 15–ші орынға ие болды — әлемдегі ең мықты көрсеткіштердің бірі. EPI индексі EGDI-ді толықтырады және азаматтардың сұраныс бойынша немесе онсыз қоғамдық ақпаратқа қол жетімділігін көрсетеді.

Бұл көрсеткіштерге электрондық форматта мемлекеттік қызметтерді ұсыну, мобильді қосымшалар және онлайн-төлемдер әсер етеді.

Қазақстанды цифрландыруда еліміздің барлық негізгі салаларының ірі компаниялары үлкен рөл атқарады. Мысалы, қаржы секторы (банктердің сайттары мен қосымшалары, онлайн-сақтандыру, брокерлік қызметтер), өнеркәсіп, құрылыс, логистика, Телеком, мәдениет және демалыс саласы және т. б. деп жазады Finprom.kz.

14 қазанда Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша отырыс өткізді. Күн тәртібінде ЭЦҚ-ны жою, ХҚКО-да құжаттарды алу, емханаға бекіту мәселелері болды. Мәселен, Қазақстанда QR мемлекеттік қызметтердің барлық порталдарында ЭЦҚ-ны алмастырады.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

1 час ago

Алматыдағы мәйітхана күзетшісінің сұмдық тірлігі

Ол қайтыс болған адаммен жыныстық қатынас жасады деген күдікке ілінді. Алматы қалалық Полиция департаменті аталған…

1 день ago

Автобус жүргізушісін ұрғаны 3 адамның өліміне әкелген жігіт сотталды

Дархан Ахметжанов 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Дархан Ахметжанов қылмыстық кодекстің 293-бабының 1-бөлігі және 351-бабының…

4 дня ago

«Қуандық қажы екен». Бишімбаев бес рет қажылыққа барған

Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қаһарман әлеуметтік желіде көпшіліктің көкейінде жүрген маңызды сұрақтарға жауап…

4 дня ago

«Имам садақаға түскен ақшаға Lexus алған» дейді

ҚМДБ мәлімдеме жасады. Әлеуметтік желі қолданушысы Оразбек Садықов тараздық имамның садақаға түскен қаражатқа қымбат көлік сатып алғанын…

4 дня ago

Алматыдағы автобус апаты: Сотталушы соңғы сөзін айтты

Алматыда үш адамның өмірін қиған автобус апатына қатысты қылмыстық іс бойынша сот жарыссөзінде Д.Ахмеджанов соңғы…

4 дня ago