Categories: Қоғам

Қазақстан әлемдегі қауіпті елдер қатарына енді

World Population Review порталының сарапшылары әлемде 100 мың адамға қылмыс саны бойынша қауіпті елдер рейтингін құрастырды. Олардың қатарында Қазақстан да бар.

Қауіпті еледердің үздік үштігіне Венесуэла (83,76 ұпай), Папуа — Жаңа Гвинея (80,79) және Оңтүстік Африка (76,86) енген.

53,77 ұпаймен Қазақстан 40-орында тұр. Қырғызстан 56,87 ұпаймен 31-орында. Ал Өзбекстан 33,42 ұпай жинап, 99-орынға тұрақтаған. Қытай — 108-орын (30,14) және Ресей — 86-орын (39,99).

136 мемлекеттен тұратын рейтинг соңында Тайвань, БАӘ және Катар тұр. Бұл елдерде қылмыс деңгейі өте төмен. Зерттеушілер қылмыс деңгейі әр елде әр түрлі болатынын және көптеген факторларға байланысты екенін атап өтті. Мысалы, кедейлік пен жұмыссыздықтың жоғары деңгейі елдегі қылмыс деңгейін жоғарылатады. Керісінше, полицияның қатаң бақылауы мен қатаң үкімдері қылмыс деңгейін төмендетуге бейім.

Сарапшылардың пікірінше, жас пен қылмыс арасында күшті корреляция бар. Болжам бойынша қылмыстардың көпшілігі, әсіресе зорлық-зомбылық қылмыстары 20-30 жаста жасалады.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago