Қазақстан Мұсылмандар одағы президенті әйелін ұрды деп айыпталды

Қазақстан Мұсылмандар одағы президенті Мұрат Телібековтың әйелі өзін күйеуі 10 жасар қызының алдында соққыға жыққанын мәлімдеді. Бұл туралы Arbat.media хабарлайды.

Мұрат Телібековтің әйелі Екатерина Чеканова бірнеше жылдан бері ерлі-зайыпты екеуінің арасында ұрыс-керіс болып жүргенін, оның соңы қол көтеруге айтады. Жақында екеуі қатты жанжалдасып, Мұрат Телібеков әйелін баласының көзінше сабаған. Мұсылмандар одағы президенті әйелі құрбысына қоңырау шалып, қызын уақытша алып кете тұруын сұрағанын айтты. Дегенмен құрбысы анасымен келгенде күйеуі оларға да қол көтерген.

Мұрат Телібеков Facebook-парақшасына керісінше әйелі өзіне шабуыл жасады деп кінәлап пост жазды. Ол белгісіз адамдар үйіне басып кіріп ірі көлемдегі ақшасын ұрлап, 10 жастағы қызын алып қашуға тырысқанын айтты.

Бұзақылар баланың көзінше әкесін ұрып, тіл тигізіп, кемсітті. Қыз ауыр психологиялық жарақат алды,

деп жазды ол.

Кейін Мұрат Телібековтың әйелі видео түсірді. Онда ол некелескеніне 10 жылдан асқанын айтады. Оған қоса, жолдасының Facebook-те жазғаны бұрмаланған ақпарат екенін жеткізді.

Екеуміз қатты ұрыстық. Бұлай ұрысып жүргенімізге бірнеше жыл болды. Қатты ұрысқанда ол кейде маған қол көтеретін. Мұның бәрін баламыз көріп өсіп келеді. Тағы бір ұрысқанда жақын қүұрбым Еленаға хабарласып, баланы алып кетуін сұрадым. Ол анасы Светланамен бірге келді. Бірақ үйге басып кірген жоқ. Ол (күйеуі) есікті өзі ашты. Олар баланы алып кеткісі келді. Құрбым мен анасы менің денемінің көгергенін, әбден жылағанымды көріп есеңгіреп қалды,

дейді Екатерина Чеканова.

Мұрат Телібеков 64 жаста. Ол — Қазақстан мұсылмандары одағы басшысы, Орталық Азиядағы адам құқықтары жөніндегі мұсылмандар комитеті директоры, Ислам әлемі лигасының Қазақстандағы тілшісі. Мамандығы бойынша журналист, техника ғылымдарының кандидаты. Желідегі ньюсмейкер.

Таңшолпан Төлеген

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

10 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago