Қазақстан мен Ресейдің дипломатия қатынасына 30 жыл

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинге Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуына орай құттықтау хат жолдады.

– Кейінгі онжылдықта екі мемлекет берік достық пен тату көршілікке, ортақ тарихи және рухани құндылықтарға негізделген стратегиялық серіктестік пен шынайы одақтастық қатынас орнатты. Қазақстан мен Ресейдің үлгілі ынтымақтастығының қазіргі деңгейі Сіздің Ресей мемлекетінің басшысы ретіндегі зор үлесіңіздің арқасында мүмкін болды.

Ресей – Қазақстанның сенімді сауда-экономикалық серіктесі, еліміздің жетекші инвесторларының бірі. Әртүрлі саладағы бірлескен ірі жобалардың сәтті жүзеге асырылуы өңіраралық диалогтың кеңеюіне және жан-жақты ынтымақтастықтың тереңдеуіне ықпал етеді.

Қазақстан мен Ресей көпжақты платформаларда, сондай-ақ еуразиялық кеңістіктегі интеграциялық бірлестіктер аясында тығыз ынтымақтастық орнатқан. Бұл мемлекеттердің ұзақ мерзімді мүдделеріне сай келеді, – деп жазылған құттықтау хатта.

Наргиза Аршидин

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

4 дня ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

3 недели ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

1 месяц ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

5 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

9 месяцев ago