Қасым-Жомарт Тоқаев пен Фор Эссозимна Гнассингбе екі мемлекеттің ресми делегацияларының қатысуымен кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді.
Қазақстан Президенті Того делегациясына ілтипат білдіре отырып, достас екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастардың 10 жылдығы қарсаңында Астанада өтіп жатқан бұл сапардың символдық мәні бар екенін атап өтті.
Бүгінгі келіссөздер екіжақты байланыстардың жаңа кезеңін айқындап, өзара тиімді ынтымақтастығымыздың перспективті бағыттарын зерделеуге зор мүмкіндік береді. Біз Тогомен арадағы ықпалдастықты нығайтуға мүдделіміз және сіздің еліңізді Африкадағы маңызды серіктес ретінде қарастырамыз,
деді Мемлекет басшысы.
Президент екі елдің бір-бірінен алыс жатқанына қарамастан, ортақ тұстары көп екеніне, атап айтқанда, көпконфессиялы және көпэтносты құрамымен ерекшеленетініне тоқталды.
Қазақстанда 100-ден астам этнос өкілдері тұрады. Конфессияаралық және дінаралық диалогты дамыту – біздің мемлекеттік саясатымыздың басым бағыттарының бірі,
деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысының пікірінше, Қазақстан мен Того арасындағы серіктестіктің әлеуеті әлі толық пайдаланылмай отыр. Оны дамыту үшін екіжақты құжаттарға, соның ішінде инвестицияларды өзара қорғау туралы келісімге қол қою қажет.
Қазақстан Президенті екіжақты сауда-саттықты өркендету және іскер топтар арасындағы байланысты нығайту маңызды екеніне тоқталып, Қазақстанның Тогодағы Құрметті консулы лауазымына лайықты кандидатты анықтауды ұсынды. Мемлекет басшысы мұндай қадам екі ел арасында B2B форматындағы байланыстарды дамытуға септігін тигізеді деп есептейді.
Бүкіл әлемдегі халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға атсалысу ісінде Қазақстан мен Того сияқты мемлекеттер мейлінше белсенді және конструктивті рөл атқара алады деп санаймын,
деді Мемлекет басшысы.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 27-28 қарашада Того Республикасының Президенті Фор Эссозимна Гнассингбе Қазақстанға ресми сапармен келді.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…