Саясат

Қазақстан мен Вьетнам визасыз режимге қол қойды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Вьетнамға ресми сапары аясында 12 құжатқа қол қойды. 

Екі ел арасында бірнеше құжатқа қол қойылды. 

  • Қазақстан мен Вьетнам Социалистік Республикасының үкіметі арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты жедел дамыту жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспары;
  • Екі елдің азаматтарын өзара визалық талаптардан босату туралы келісім;
  • Мәдениет және спорт министрлігі мен Вьетнам Социалистік Республикасының мәдениет, спорт және туризм министрлігі арасындағы туризм саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум;
  • «QazTrade» сауда саясаты орталығы» АҚ мен VietTrade Вьетнам саудасына жәрдемдесу агенттігі арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум;
  • Сыртқы істер министрлігінің инвестициялар комитеті мен Вьетнам инвестициялар жөніндегі агенттігі арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум;
  • «Қазпошта» АҚ мен Viet post корпорациясы арасында электрондық коммерция мен почта қызметін дамыту саласындағы өзара түсіністік туралы меморандум;
  • Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен Vietjet Aviation АҚ арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;
  • «ҚазМұнайГаз «ҰК» АҚ мен Sovico Group арасындағы мұнай-газ жобаларына инвестициялар саласындағы ынтымақтастық туралы өзара түсіністік туралы меморандум;
  • «Қазақстан Теміржолы» АҚ мен Sovico Group арасындағы көліктік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту саласындағы ынтымақтастық бойынша өзара түсіністік туралы меморандум;
  • Сыртқы істер министрлігінің Инвестициялар комитеті мен Crystal Bay Tourism Group JSC арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;
  • Microtech DFS Vietnam Company Limited және Vela Corporation арасындағы ынтымақтастық туралы келісім;
  • «Хабар «Агенттігі» АҚ мен Vietnam television арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум.

Тоқаев 20 тамызда Вьетнам Социалистік Республикасына ресми сапармен келді.  Вьетнам президенті Во Ван Тхыонг президент сарайында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты салтанатты түрде қарсы алды.

Мемлекет басшысының Вьетнамға ресми сапары Ба Динь алаңындағы ұлттық батырлар ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімінен басталды.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago