Саясат

Қазақстан мен Қытай қашан визасыз режимге өтеді?

Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха 5 қазанда сенат аясында Қытаймен визасыз режимнің басталу шарттарын айтты. 

Ол Қытай тарапы визасыз режим туралы келісімнің жұмысын бастауды, азаматтарға қатысты ақпарат алмасу туралы келісімге қол қоюды және ратификациялауды талап еткенін деп мәлімдеді.

Қытай тарапы қазір визасыз жұмыс істей бастаса, онда туристер ағыны көбейетінін түсінеді. Бірінші кезекте көші-қонды заңсыз бақылау үшін осы келісімді ратификациялау қажет,

деп түсіндірді вице-министр.

Оның айтуынша, құжаттар екі ел ратификациялағаннан кейін күшіне енеді. Бұл жағдайда Қытай азаматтары Қазақстанда бір мезгілде 30 күн немесе алты ай ішінде 90 күн бола алады.

Қазақстан үкіметі Қытаймен визасыз режим туралы келісімді бекіткен еді. Енді екі ел бір-бірінің азаматтары туралы ақпарат алмасатыны айтылды.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

1 неделя ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

3 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

4 месяца ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

8 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

1 год ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

1 год ago