Қазақстан мен Қытай әуе қатынасын арттырады

Қытай әуе компаниясы 21 тамыздан бастап жаңа бағыт бойынша тұрақты жолаушылар рейсін ашуды жоспарлап отыр.

Қазақстанның Азаматтық авиация комитеті Қытай Халық Республикасының авиациялық билік органдарымен бірлесе отырып, екі ел арасындағы тұрақты жолаушылар рейсін арттыру мәселесін пысықтады.

Қытайдың Air China әуе компаниясы 2022 жылғы 21 тамызынан бастап Нұр-Сұлтан-Чэнду жаңа бағыты бойынша аптасына бір рейс жиілігімен жексенбі күндері А320 типті ұшақтармен тұрақты жолаушылар рейсін орындауды жоспарлап отыр,

деп хабарлады ведомство.

Қазақстан мен Қытай арасындағы әуе қатынасының артуы екі ел арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық, туристік және мәдени ынтымақтастықтың дамуын жеделдетеді.

Таңшолпан Төлеген

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago