Қазақстан-Ресей шекарасына уақытша мобилизация пункті қойылады

Астрахань облысындағы Қазақстан-Ресей шекарасындағы «Қараөзек» бақылау-өткізу бекетіне уақытша мобилизация пункті қойылады. Бұл туралы ТАСС аймақ басшысының баспасөз қызметі сілтеме жасай отырып хабарлады.

Мұндай пункт қоюға көп шақырымдық кептелісте кезек күтіп тұрғандар арасында әскер жасындағы азаматтардың бар екені себеп болған.

Муниципалитет аумағында «Қараөзек» бақылау-өткізу пункті бар. Бұл — Қазақстан Республикасына автомобиль көлігінің негізгі өткізу пункті. Қазір мұнда елден кеткісі келетіндер көп шақырымдық кезекте тұр. Кезек күтіп отырғандардың арасында әскер жасындағы ер азамат көп. <…> Өткізу пунктінде олардың құжаты мобилизацияға жататын федералды тізіліммен салыстырыла бастады және ішінара мобилизацияны кейінге қалдыруға немесе әскери комиссариаттан шығуға рұқсаты жоқ шақыру критерийлеріне сәйкес келетін азаматтар елден шығарылмайды. Жақын арада Қазақстанмен шекарада шақыру қағазын беретін уақытша ішінара мобилизация пункті құрылады,

делінген хабарламада.

Жеңіл көліктермен қатар жүк көліктері де кептелісте тұрып қалған. Бақылау-өткізу бекетінде ішінде адамы бар жеңіл көліктердің көп жиналуы тұрғындардың өмір сүруінің қалпының бұзылуына әкелді: понтон өткел мұндай жағдайларға арналмаған, қазір ол толып қалған. Аудан әкімшілігі облыстық көлік министрлігімен және «Астраханавтодор» АҚ мемлекеттік мекемесімен бірлесіп, Астрахань облысының тұрғындарына тиесілі емес (арнайы қызметтер мен коммуналдық қызмет көліктерінен басқа) қозғалыс бағытын өзгертті. Енді олар Астраханнан Қараөзек бағытындағы көлік қозғалысы Новорусовка ауылындағы қосымша 80 шақырым көпір арқылы өтеді. Бұл понтонды түсіріп, астрахандықтардың өздеріне қажет жерге жылдамырақ жетуіне көмектеседі.

Астрахан облысы Қазақстанның Батыс Қазақстан және Атырау облыстарымен шектеседі. Бұған дейін Астрахань облысының Қазақстанмен шектесетін Краснояр ауданы басшысы Руслан Бисенов «Қараөзек» автобақылау бекетінде көліктердің көп жиналуына байланысты муниципалитет аумағында жоғары дабыл режимі енгізілгенін мәлімдеген болатын. Аудан басшысының айтуынша, бұл «халықтың тіршілігін қамтамасыз етудің бұзылуына және түрлі инфекция пайда болып, таралуына әкелуі мүмкін».

Таңшолпан Төлеген

Recent Posts

Жалған техникалық тексеру 100 АЕК айыппұл салынбақ

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне автокөлікті жалған техникалық тексеруден өткізуге қатысты айыппұлды 30…

3 дня ago

Кредиті айлығының жартысына жеткендерге жаңа несие бермейді

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…

4 дня ago

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

5 дней ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

5 дней ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

5 дней ago

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

1 неделя ago