Categories: Экономика

Қазақстан Ресейдің «Газ одағына» кіре бастады

Қазақстанның Энергетика министрлігі 14 тамызда ҚР, РФ және ӨР арасында үшжақты газ ынтымақтастығы бойынша пресс-релиз таратты.

Онда былай делінеді:

2022 жылдың қарашасында Қазақстан Республикасы, Ресей Федерациясы және Өзбекстан Республикасы арасындағы газ саласындағы үшжақты ынтымақтастықты қалыптастыру бастамасын Ресей Федерациясы жариялады.

Бұл ретте ресейлік және өзбек тараптарынан бұл ынтымақтастық бойынша ресми ұсыныстар түскен жоқ.

Бұл елдермен газ саласындағы ынтымақтастық екіжақты форматта өзара тиімді серіктестік негізінде жүзеге асырылады.

Қазақстанның газ тасымалдау жүйесінің ресейлік газды Өзбекстан Республикасы бағытында транзиттеу үшін еркін қуаттары бар екенін ескере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі мен «Газпром» ЖАҚ арасында ресейлік газды Өзбекстан Республикасына тасымалдау мақсатында «Орталық Азия – Орталық» магистральдық газ құбырын дайындау бойынша іс-шаралар жоспарына қол қойылды.

Осылайша, бүгінде Ресей газын Қазақстан арқылы Өзбекстанға тасымалдау үшін «Орталық Азия – Орталық» магистральдық газ құбырының қазақстандық бөлігін техникалық дайындау жұмыстары жүргізілуде. Оның аяқталуы 2023 жылдың 1 қазанына жоспарланған.

Арман Ерғалиев

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

10 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago