Экономика

Қазақстан Ресейге 106 тауар түрін шығаруды шектеді

Бүгін Сенаттың жалпы отырысынан кейін тілшілер Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаевтан Ресей мен Украина қақтығысы басталғалы Қазақстан РФ аумағына қандай тауарлар экспортын тоқтатқанын сұрады, деп хабарлайды Кazinform. 

Жалпы, біз барлық тауарды экспортқа шығарып жатырмыз. Тек Ресейге соғысқа қатысты экспорттық тауарларды шектедік. Бұл тізімге 106 түрлі тауар енді. Біз олар бойынша экспортқа мүлдем тыйым салдық,

деді Қ. Төребаев.

Бұл тұрғыда вице-министр аталған өнімдердің арасында қақтығыс кезінде қарудың бөлшегі ретінде пайдалануға болатын тауарлар шектелгенін нақтылады.

Олар соғысқа қатысты тауарлар. Осы өнімдер Ресейге шығарылмайды. Соның арасында қақтығыс кезінде қолданылатын дрондар, арнайы электроника, чиптер және басқа да құрылғылар бар,

деді министрлік өкілі.

Оның сөзіне қарағанда, аталған 106 тауар Қазақстанда өндірілмейді. Бұрындары бұл өнімдер еліміздің аумағы арқылы экспортқа шығарылған еді. Қазір осы тауарлар елімізге импортталғанымен, Ресейге шығарылмайды.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago