«Қазақстан Ресейге қосылуы керек» деген азамат кім?

Ақтау қаласының тұрғыны Қайнар Қонысбаев RUSSIA деген жазуы бар, жеңінде Ресей туы бедерленген футболканы киіп алып, әлеуметтік желіде «Қазақстан Ресейге қосылуы керек» деген пікір білдірді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Бұл туралы ол ресейлік блогермен тікелей эфирге қосылған кезінде айтқан.

Мен өз басым Ресейді қолдаймын. Қазақтар орыстілділерді құрметтемейді, неге екенін білмеймін,

деді Қазақстан азаматы эфирде.

Сондай-ақ ол «Қырым Ресейге тиесілі» деп, әрі өзін сол ел үшін соғысуға шақырса, баратынын жеткізді.

13 сағаттан соң Қайнар Қонысбаев сол сөзі үшін көпшіліктен кешірім сұрады. Ол тікелей эфирде өзінің әзербайжандық екенін айтқан, алайда қазақ екені белгілі болды.

Мен – Қайнар Қонысбаев. Ұлтым – қазақ. Кеше дос баламмен бірге дүкенде тікелей эфирге кірдім. Бізге Украинадан арандату сипатындағы сұрақтар түсті. Мен оны әзіл деп қабылдадым. Айтқанымның бәрін шын қабылдауға болмайды. Мен Ресейге бармаймын, Қазақстанның азаматымын. Қазақтың баласымын, Қазақстанда өмірге келдім,

деп ақталды Ақтау тұрғыны.
Сая Манарбековна

Recent Posts

Жалған техникалық тексеру 100 АЕК айыппұл салынбақ

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне автокөлікті жалған техникалық тексеруден өткізуге қатысты айыппұлды 30…

3 дня ago

Кредиті айлығының жартысына жеткендерге жаңа несие бермейді

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…

4 дня ago

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

5 дней ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

5 дней ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

5 дней ago

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

7 дней ago