Categories: Экономика

Қазақстан Ресейге тауар реэкспортын бақылауды күшейтеді

Қазақстан 1 сәуірден бастап реэксорттау үшін елге жеткізілетін тауарларды онлайн бақылайтын жүйені іске қосады. Бұл туралы Financial Times лауазымы жоғары бір шенеунікке сілтеме жасай отырып хабарлады.

«Біз жапсарлас санкцияларға байланысты тәуекелдерді жақсы түсінеміз, сол себепті әріптестеріміздің барлығымен тауар аламасуды мұқият бақылаймыз», – дейді басылым дереккөзі.

Оның айтуынша, Қазақстан реэкспортты азайту бағытында үнемі жұмыс істеп келеді.

Қазақстан ұлттық статистика жөніндегі бюро мәліметінше, 2022 жылы Қазақстаннан Ресейге тауар экспорттау көрсеткіші 25 пайызға артқан.

АҚШ пен Еуроодақ Қазақстан Ресейге санкцияларды айналып өтуге көмектесті деп есептейді. Батыс Украинаға соғыс ашқан Ресейге санкциялар салған. Қазақстан билігі Ресейге шектеулерді айналып өтуге көмектеспейтінін бірнеше мәрте мәлімдеген. Бұның алында Bloomberg Ресей зымыран жасауға пайдаланатын микрочиптерді үшінші бір елдің көмегімен алып отырғанын хабарлаған. Агенттік мұндай мәліметті еуропалық лауазымы жоғары бір дипломатқа сілтеме жасай отырып таратқан.

Наурыздың басында Қазақстанда болған АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкеннің айтуынша, АҚШ санкциялардың Ресейге көрші елдерге қалай әсер етіп жатқанын «мұқият бақылап отыр». Блинкеннің мәлімдеуінше, Қазақстандағы компаниялар Ресей бизнесімен байланыстың барлық түрінен бас тартуы тиіс. Қазақстан сыртқы істер министрлігі екі ел арасындағы сауда процестерін басқару оңай еместігін мойындаған.

Еуростат мәліметінше, сакнция енгізілген соң Еуропадан Ресейге тауар экспорттау көрсеткіші 2022 жылғы наурыз-қараша айларында 47 пайызға төмендеп, 36,3 млрд еуро ғана болған. Дегенмен еуропалық тауарлардың Беларусь, Армения, Қазақстан, Грузия, Өзбекстан және Қырғызстан секілді елдерге экспорты 48 пайызға артып, 20,3 млрд еуроға жеткен.

Арман Ерғалиев

Recent Posts

Кредиті айлығының жартысына жеткендерге жаңа несие бермейді

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…

17 часов ago

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

2 дня ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

2 дня ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

2 дня ago

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

4 дня ago

Алматыдағы мәйітхана күзетшісінің сұмдық тірлігі

Ол қайтыс болған адаммен жыныстық қатынас жасады деген күдікке ілінді. Алматы қалалық Полиция департаменті аталған…

5 дней ago