Categories: Оқиға

Қазақстан шекарасынан заңсыз өтпек болған шетелдік 9 азамат ұсталды

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі 15 ақпанда қазақ-қырғыз мемлекеттік шекарасы арқылы Қазақстанға заңсыз өтпек болған Пәкістанның 9 азаматын ұстады.

ҰҚК ұсталған азаматтарға қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Еске салайық, Қазақстан мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өткендерге жазаны күшейтуді жоспарлап отыр.

«Қазақстанның кейбір заңнамалық актілеріне Қылмыстық, Қылмыстық-процестік және Қылмыстық-атқару кодекстерін оңтайландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасына өзгерістер енгізіледі.

ҚР мемлекеттiк шекарасын қасақана заңсыз кесіп өткен шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам Қазақстаннан тысқары жерге 5 жылға шығарылып, 2 мың АЕК (6,9 млн теңге, 1 АЕК – 3 450 теңге) мөлшерінде айыппұл салынады не 3 жылға дейін бас бостандығынан айырылады,

деп жазылған заңдағы жаңа редакцияда.

Мұндай шешім қабылдауға Таяу Шығыс пен Ауғанстандағы тұрақсыз жағдай себеп болған.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago