Фото: Vecherka.tj
Жақында бірнеше БАҚ-та Қазақстанға жақын шетелден автомобиль кіргізу шектелетіні туралы мақалалар шықты. Олар үкімет басшысының депутат сауалына берген жауабына негізделді. Осыған байланысты ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметі түсіндіретін комментарий берді.
Бүгінде шетелдің транспорт құралдарын елге кіргізерде заң бұзылатын жағдай жиілеп кетті. Атап айтқанда, ұрланған немесе кепілге қойылған, жалған нөмірлер жапсырылған және т.б. автокөліктерді пайдалану фактілері анықталды.
Мысалы, 2021 жылдың ғана нәтижесін алсақ, басқа елдердің құқық қорғау органдарымен салыстыру қорытындысы бойынша, Қазақстанға әкелінген 35 мыңнан астам автокөлікке банк және заң шектеулері қойылғаны анықталды. Сонымен қатар, көлік әкелу кезінде 600-ден астам автокөлікке ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің құқық қорғау органдары іздеу салған.
Осыған байланысты Қазақстандағы «мәселесі» бар автотранспорттың келу қаупін жою үшін және әкімшіліктендіруді жақсарту үшін транспорт құралдарын кіргізу (уақытшасын қоса алғанда) ережесі әзірленіп жатыр. Онда осындай автомобильдерді бақылауды күшейту тетіктері, олардың елге әкелінуін шектеуге дейін көзделеді,
деді министрлер кабинеті басшысының баспасөз қызметі.
Бұл ретте мұндай шаралардың ҚР аумағына заңды бұзбай әкелініп, пайдаланылып жатқан шетелде тіркелген автомобильдерге қатысы жоқ.
Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…
Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…
Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…
Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…
Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…