Categories: Білім

Қазақстан шетелдік туристерді несімен қызықтырады?

Әуе билеттерін іздеу жөніндегі деректерге сүйенсек, 2023 жылдың алғашқы төрт айында Қазақстанға келген туристер легі 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11 пайызға өскен. Түркия, БАӘ, Таиланд және Грузия тұрғындары арасында Қазақстанға сапар жасауға сұраныс артты.

Шетелдік туристер бірінші кезекте Алматыға, содан соң Астана, Ақтау және Шымкентке келуді көздейді. Олардың елімізге келудегі негізгі мақсаты – белсенді демалыс, яғни, ашық ауада серуендеп, табиғат аясына саяхат жасау. Алматы және Жетісу облыстарында туристердің бұл сұранысын қанағаттандыруға мүмкіндік орасан зор.

Есік көлі

Көлдің атауы киіз үйдің есігіне ұқсайтын сарқырамаға байланысты қойылған. Шамамен 8-10 мың жыл бұрын болған жойқын жер сілкінісі жартастың бір бөлігін қиратып, сарқыраманы жауып, содан Есік көлі пайда болды деп есептеледі. Бүгінде бұл кемпинг пен жаяу серуендеуді ұнататын туристердің сүйікті орны.

Алматыдан көлге 1,5-2 сағатта жетуге болады, шамамен 70 шақырым жол. Тянь-Шань шыршаларымен қоршалған көл кез келген адамды өзінің сұлулығымен баурап алады, күннің орналасуына байланысты оның түсі көгілдір-көк-жасылдан қара көкке өзгеріп тұрады. Тыныш айлақтар мен кемпингке арналған алаңдар бар. Есіктің жоғары жағында қорық бар, онда жартаста өрмелеп жүрген тау ешкілерін жиі кездестіруге болады.

Горельник сарқырамалары

Сарқырама – ыстық күнде серуендейтін керемет орын. Горельник сарқырамалары екеу – Кіші және Үлкен. Жол бойында орман арқылы өтетін жол, алаң және өзен арқылы өтетін шағын өткел бар.

Сарқырамаға жақындай бергенде ландшафт өнерінің ең үздік үлгілері іспетті көркем пейзаждарға куә боласыз.

Жаяу жүргіншілерге арналған жол бөлігі танымал локациядан басталады – «Горельник» жылы бұлақ көздері және «Апа Катя» кафесі.

«Алтынемел» мен Ақтау таулары

«Алтынемел» ұлттық мемлекеттік табиғи саябағы 1996 жылы құрылды, оның басты міндеті – экологиялық туризмді дамыту, бірегей табиғи археологиялық, тарихи-мәдени нысандарды, сондай-ақ құстар мен жануарлардың сирек кездесетін түрлерін сақтау. Батыстан шығысқа қарай ұзындығы шамамен – 200 шақырым, ал ені – 30 шақырым. Басты көрікті жерлерінің бірі – Ақтау таулары. Ол Жетісудың Алтын шеңбері бірегей бағытындағы көрікті локациялардың бірі болып табылады.

Бұл жотаға Алтынемел атауын Шыңғыс ханның өзі берген деген аңыз бар. 1219 жылдың жазында батысқа қарай жорығы кезінде атақты қолбасшының әскері осы алқапқа келді деседі. Батқан күннің сәулесінде ер-тоқымға ұқсайтын осы бір жотаны көріп, оған «Алтынемел» деп атау берген көрінеді.

Климаты ыстық және құрғақ, туристер үшін шатырмен жабдықталған арнайы тұрақтар бар. Жазда күндіз ауа температурасы 40 градусқа дейін көтерілуі мүмкін. Әдетте, күндіз туристер жылғаның жағасындағы 700 жастағы талдың көлеңкесінде уақыт өткізеді. Ал Ақтау тауларына таңертең барады.

Бұл жер кайнозой дәуірінің нағыз палеонтологиялық қорығы: Ақтау таулары 30-50 миллион жыл бұрын Қазақстанның көп бөлігін алып жатқан ежелгі теңіздің түбі. Таулардың бор шөгінділерінде ежелгі жануарлардың қазба қалдықтарын табуға болады: қолтырауындар, тасбақалар, алып мүйізтұмсықтар, қарабайыр жыртқыштар.

Жалпы, Алтынемелдің флорасы мен фаунасы бай, бірнеше ондаған түрі Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. Мұнда сирек кездесетін жануарлардың ішінен сабаншы мен тас сусарын көруге болады.

Арман Ерғалиев

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

2 дня ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

2 дня ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

2 дня ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

2 дня ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

2 дня ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

3 дня ago