Экономика

Қазақстан ТМД-дағы ең қымбат ел атанды

Өмір сүру құны бойынша елдер рейтингінде Қазақстан 140 мемлекеттің арасында 91-орынға ие болды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Биыл бірінші тоқсан қорытындысы бойынша өмір сүру құны рейтингісінде Қазақстан 91-орынға тұрақтады. Еліміздің индексі – 25,4. Индекс тұтыну тауарлары мен жалға берілетін тұрғын үй құнын Нью-Йорк қаласымен салыстыра отырып бағаланады.

ТМД елдерінің ішінде Қазақстан ең қымбат мемлекеттік бірі атанды. Тізімде Армения – 57 орында, Беларусь – 98, Молдова 101, Ресей –110, Қырғызстан – 111, Әзербайжан – 119, Өзбекстан 125-орында тұр.

Алдыңғы орындарды Бермуд және Кайман аралдары, Сингапур, рейтингтің соңында Пәкістан тұр.

Биыл шілденің қорытындысы бойынша Қазақстанда тауарлар мен қызметтердің бағасы – 0,6%, жыл басынан бері – 5,8% және бір жылда 14%-ға өсті. Биыл қаңтар–шілдеде бағаның өсуі (2022 жылғы қаңтар–шілдемен салыстырғанда) 17,2% болды.

Өңірлер бойынша ай сайынғы динамикада бағаның ең көп өсімі Ұлытау облысында (1%), Қарағанды және Қызылорда облыстарында, Астана және Алматы қалаларында (әрқайсысында 0,8%) тіркелді.

Жылдық динамика бойынша тауарлар мен қызметтер бағасының ең үлкен өсімі тағы да Ұлытау облысы және Солтүстік Қазақстан облыстары және Астана қаласында (әрқайсысында 15,4%), ал ең азы Атырау облысында (11,8%) байқалды.

Биыл қаңтар–шілде айларының қорытындысы бойынша бағаның ең көп өсімі – Маңғыстау облысында (19,5%), ең азы – Алматы облысында (15,7%).

Ай сайынғы динамика бойынша, азық-түлік тауарлары – 0,1%, азық-түлік емес тауарлар – 0,7%, ақылы қызметтер – 1% қымбаттады.

Жылдық динамика бойынша азық-түлік тауарлары – 13,5%, азық-түлік емес тауарлар – 15%, ақылы қызметтер – 13,6% қымбаттады.

Қаңтар-шілденің қорытындысы бойынша азық-түлік тауарларының бағасы – 19%, азық-түлік емес тауарлардың бағасы — 17,8%, ақылы қызметтердің бағасы 13,9% қымбаттады.

Азық-түлік және алкогольсіз сусындар бір жылда 13,3% қымбаттады (бір айда өсім байқалмады).

Киім және аяқ киім бір айда – 0,7%, бір жылда – 15,2%, тұрғын үй қызметтері, су, электр энергиясы, газ және басқа да отын түрлері бір айда – 1%, бір жылда – 14,9%;

Денсаулық сақтау қызметтері бір айда – 1%, бір жылда – 17,5%; демалыс және мәдениет қызметтері бір айда – 3,6%, бір жылда –16%;

Білім беру қызметтері бір айда – 0,2%, бір жылда – 13%;

Мейрамханалар мен қонақүйлер бір айда – 0,5%, бір жылда – 15,3% қымбаттады.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

1 месяц ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

3 месяца ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

7 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

1 год ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

1 год ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

1 год ago