Categories: Экономика

Басқасын айтпағанда, Қазақстан өзін іш киіммен қамтамасыз ете алмай отыр

Қазақстан мақта өсіріп, маталар дайындайтынына қарамастан, Қытай мен Өзбекстаннан іш киімдер сатып алуда. Бұл туралы Қазақстандық жеңіл өнеркәсіптің дамуы мен мәселелерін зерттей отырып, Energyprom.kz басылымы хабарлады.

Мұндай тауарларға негізгі қажеттіліктер импорт есебінен өтеледі. ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті жариялаған кедендік статистикасы халықтың аталған тауарларға қанша ақша жұмсайтынын есептеуге мүмкіндік береді. Яғни 2022 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында іш киімнің екі түрі бойынша импорттың құны 77,2 миллион АҚШ долларын құрады. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда үш есе көп. Ал негізгі импорттаушы елдер Өзбекстан мен Қытай болып саналады.

ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросының ресурстар мен пайдалану балансының деректеріне сүйенсек, өткен жылы Қазақстан нарығындағы іш киімнің өндіріс үлесі небәрі 1,2 пайызды, ал импорт үлесі — 98,8 пайызды құрады. 5 жыл бұрын да жағдай дәл осындай болған, түбегейлі ештеңе өзгерген жоқ.

Былтыр қазақстандық кәсіпорындарда іш киім өндірісінің көлемі небәрі 1,9 млн дана болды, ішкі нарықта жалпы сатылым көлемі 150,2 млн дана,

делінген хабарламаның жалпы сипатында.

Дегенмен, Түркістан облысының әкімдігі өңірде бірнеше жылдың ішінде тиісті инфрақұрылымы бар логистикалық хаб құрылатынын айтты. Яғни 2026 жылы Мақтаарал ауданында мақта өңдеу зауыты мен тоқыма мата шығаратын фабрика ашу жоспарланып отырған көрінеді.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

2 дня ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

2 дня ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

2 дня ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

2 дня ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

2 дня ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

3 дня ago