Қазақстан Әзірбайжан арқылы мұнай экспорттай бастайды

Премьер-министр мұнай экспортын әртараптандыру үшін арнайы жол картасы әзірленгенін айтты.

Атап айтқанда, бұл бағыт Ақтау порты арқылы Баку портына және сол жерден Баку — Тбилиси — Джейхан бағытында — мұнай құбыры. Сондай-ақ, Баку — Супса, бұл Грузияда және Баку-Батуми, біздің терминал бар портта. Бұл бағыттар, оған қоса Атыраудан Батумиге және Өзбекстанға теміржол бағыттары бар. Сондай-ақ, ҚХР бағыты бар,

деді Смайылов.

Премьер-министр 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап Баку-Тбилиси-Джейхан мұнай құбыры арқылы 1,5 миллион тонна қазақстандық мұнайды тасымалдау туралы келісім бар екенін айтты. Сонымен қатар, одан әрі 6-6,5 миллион тоннаға дейін арттыру пысықталып жатыр.

Сонымен қатар, Смайылов «Теңізшевройл» компаниясы вагон-цистерналар санын екі есеге арттырып, Батуми мен Өзбекстанға теміржол арқылы пилоттық жөнелтулерді бастағанын атап өтті.

«Барлық бағыт бойынша жер қойнауын пайдаланушылармен және көрші елдердегі әріптестерімізбен бірлесіп тиісті жұмыстар жүргізіп жатырмыз. Айтпақшы, олардың тарапынан бұл мәселеде толық түсінік пен қолдау бар, олар өздерінің транзиттік мүмкіндіктерін ұсынуға дайын және осы мәселелер бойынша Қазақстанмен ынтымақтасуға дайын,

— деді премьер-министр.
Наргиза Аршидин

Recent Posts

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

12 минут ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

21 час ago

Шымкентте мектеп директоры 48 млн теңге жымқырды

Шымкентте 48 млн теңге жымқырды деген айып тағылған №44 орта мектеп директоры және оның орынбасары,…

22 часа ago

Студенттердің тамақтануы: фастфуд басым болып келе ме?

«Денсаулық» Ұлттық қауымдастығы» ЗТБ және Алматы Менеджмент Университеті (AlmaU) Алматының студент жастарының салауатты өмір салтына…

2 дня ago

Ақтауда мектеп күзетшісі оқушы қызды зорламақ болды

Оқиға 11-шағын ауданда орналасқан №10 мектепте жексенбі күні болған, деп хабарлады sadaqmedia.kz. Білім беру ұйымының…

2 дня ago

Бектенов Ақмола облысында Президент тапсырмасының орындалу барысын тексерді

Премьер-Министр Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды. Үкімет басшысы өңірдегі көктемгі егіс жұмыстарының барысын…

2 дня ago