Фото: ашық дереккөзден
Биыл қазан айында базалық мөлшерлеме 16 пайыз болған. Алайда біз инфляцияны тоқтата алмай жатырмыз.
Қарашаның қортындысы бойынша биылғы жылдық инфляция 19,6%-ға жетті. Бұл аз емес. Инфляциялық күтулер бойынша сауалнама ешқандай позитивті жаңалық әкелмеді. Біз жыл аяғына дейін инфляцияның 20 пайыздық қызыл қызығын аттап өтуге жақын қалдық.
Бұл ретте қазан айындағы 16% базалық ставка тиімділік пәрменінен айрылады. Сол себепті, Ұлттық Банк комитеті өз отырысында радикалды шешімдер саясатын жалғастырады деген болжам — барлық сарапшылардың аузынан шығуда. Бүгін ҚР Ұлттық банкі базалық мөлшерлемені 16,75 пайызға дейін көтерді.
Ұлттық Банк базалық ставканы 0,75 пайызға, қаржыгерлер тілімен 75 базисті пунктке көтерді. Енді автоматты түрде кредит қымбаттап, ал депозит тиімді бола түспек. Шамамен депозит мөлшерлемелері 18,25% көрсетуі тиіс.
Қараша айында айлық инфляция біршама баяулады, бірақ әлі де көп жылдық орташа деңгейден айтарлықтай асып, жоғары мәнде қалып отыр. Бұл ішкі сұраныс орнықты болған кездегі жоғары сыртқы инфляцияға және тұтынушылық тауарлар импортының логистикалық жолдарын жаңа сауда бағыттарына қайта бағдарлаудың жалғасуына байланысты.
Жалпы алғанда азық-түлік бағасының деңгейі жоғары болып сақталады. Украинадағы әскери қақтығыс – тәуекел факторы болады.
Қазақстан халқы ақшаны құрту моделінен кетіп, жинақтау үлгісіне толық ауыса ма? Бізде қазір 19,4 триллион теңге депозит бар. Оның 35,5 пайызы долларда. Базалық ставканың өсуі дедолларизацияны күшейтіп, доллардағы салымдар үлесін азайтуы тиіс. Тиісінше теңге салымдары көбейеді.
Саяси аспектіні де жоққа шығара алмаймыз. Президент инаугурациядан кейін Ұлттық Банк төрағасын қайта тағайындауы тиіс. Қазіргі төраға — Ғалымжан Пірматовтың статусы автоматты түрде «уақытша міндетін орындаушыға» ауысып отыр. Пірматов кандидатурасы бойынша шешімге инфляцияның ықпал етері сөзсіз. Президент инфляциямен күресте Ұлттық Банк орындаған шараларды дұрыс деп санай ма, бұрыс деп санай ма — әңгіме сонда.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…