Фото: gov.kz
ҚР Энергетика министрлігі ағымдағы жылғы 3-14 шілдеде Шымкент МӨЗ-інде катализаторды регенерациялауға және каталитикалық риформинг қондырғысын іске қосуға жоспарланған тоқтау туралы хабарлады.
Регенерация процедурасы SR 1000 риформинг катализаторының белсенділігін қалпына келтіруге және Т-251 шикізат жылу алмастырғышының ақаулығы кезінде (АИ-95 автобензинін өндіруде қолданылады) «халық көп тұтынатын» АИ-92 автобензинін өндіруді сақтауға бағытталған.
Сондай-ақ Т-251 жылу алмастырғышының ақаулығының себептерін анықтау және осыған ұқсас жағдайлардың қайталануына жол бермеу үшін «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС – «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ және CNPC құрылтайшылары тергеу жүргізіп, іс-қимыл жоспарын әзірлеуде.
А.ж. шілдедегі автобензиндер теңгерімін сақтау мақсатында өндірістік жоспарлар келесідей түзетілді:
— Атырау МӨЗ – АИ-95 премиум автобензинін өндіру 20-дан 45 мың тоннаға дейін ұлғайтылды, Аи-92 – 100 мың тоннадан астам деңгейде сақталады.
— Шымкент МӨЗ – АИ-95 премиум автобензинін өндіру 29 мың тоннаға төмендеді, Аи – 92 – 140 мың тоннадан астам деңгейде сақталады.
Жазғы демалыс кезеңін және Аи-95-ке сұраныстың артуын назарға ала отырып, «PetroRetail», «Sinooil», «Helios» және «Газпромнефть» ірі АЖҚС желілері Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының Энергетика министрліктері арасындағы индикативтік жоспар шеңберінде АИ-95 автобензинін импорттау мәселелерін пысықтауда.
Қазіргі уақытта елдегі ЖЖМ (мұнай базаларында, МӨЗ жолдарында және резервуарларында) жиынтық қорлары:
— автобензин АИ-92 – 357 мың тоннаны, бұл елдің 23 тәуліктік қажеттілігін жабуға жеткілікті;
— Аи – 95 – 50 мың тоннаны (15 тәулік);
— дизель отыны – 518 мың тоннаны (28 тәулік) құрайды.
Бұдан басқа облыстар мен Республикалық маңызы бар қалалар әкімдіктерінің ЖЖМ жөніндегі өңірлік комиссияларының Бәсекелестікті қорғау және дамыту және қаржы мониторингі агенттіктерінің, мемлекеттік кірістер және Табиғи монополияларды реттеу комитеттерінің өкілдерімен бірлесіп, мұнай базаларында ЖЖМ қорларын өткізу мен мониторингтеуде ЖЖМ шектеулеріне, ЖЖМ бағаларының негізсіз өсуі мен ағындарына жол бермеу жөніндегі қызметі жалғасуда.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…