Жемқорлық

Қазақстанда 1 млрд теңгеге жуық қаражатты жымқырған күдікті Түркиядан экстрадицияланды

Бір миллиард теңгеге жуық ақшаны ұрлау ісі бойынша іздеуде жүрген күдікті Түркиядан Қазақстанға экстрадицияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Түркия Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының 2014 жылдан бастап халықаралық іздеуде жүрген «К» есімді азаматты ұстап беру туралы сұрауын қанағаттандырды.

Бұл азамат құрылыс компанияларының жалпы сомасы шамамен 1 млрд теңгеге жуық ақша қаражатын жымқырды деп күдіктелуде,

делінген Бас прокуратураның хабарламасында.

Қадағалаушы орган өкілінің мәлімдеуінше, бұл қаражат әлеуметтік мақсаттағы объектілерді салуға арналған. Олардың арасында аурухана да бар.

Бүгін Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Сыртқы істер министрлігінің көмегімен күдіктіні қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Қазақстанға экстрадициялады,

дейді ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі

Қазіргі уақытта ол Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды.

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы сепаратизм мен ұлтаралық араздықты қоздырды деп айыпталған Қазақстан азаматы Максим Яковченконы экстрадициялау бойынша Ресейдің дәл осындай департаментіне өтініш жолдады.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

1 месяц ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

3 месяца ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

7 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

1 год ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

1 год ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

1 год ago