Categories: Білім

Қазақстанда колледж студенттерінің шәкіртақысы 50% өседі

Жаңа оқу жылынан бастап колледж студенттерінің стипендсиясы тағы 50 пайызға өседі. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша техникалық және кәсіптік білім беруге мемлекеттік тапсырысты ұлғайту жұмыстары белсенді жүріп жатыр. Биыл аталған салаға 133 мың грант бөлінді. Оның 60% техникалық мамандықтарға бағытталды. Сондай-ақ, 1 қыркүйектен бастап колледж студенттерінің стипендиясы өткен жылғы деңгейден 50%-ға артады,

деді Ғани Бейсембаев Үкімет отырысында.

Министрдің мәлімдеуінше, бәсекеге қабілетті кадрларды даярлау мақсатында, міндетті жұмысқа орналастыру талабымен 10 мың орын бөлінді.

410 колледжді кәсіпорындар өз қамқорлығына алып отыр. Айта кетсек, бірқатар өңірде техникалық және кәсіптік білім беруді дамытуда оң нәтиже бар. Мәселен, Алматы қаласында техникалық және кәсіптік білімді дамыту бойынша 2023-2030 жылдарға арналған «Жол картасы» әзірленді. 600 колледж педагогы шетелдік тағылымдамадан өтеді. Дуалды оқыту шеңберінде тәлімгерлік институтын дамыту, 1200 орындық екі колледж және жатақхана салу жоспары бар,

дейді ведомство басшысы.
Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago