Categories: Қоғам

Қазақстанда 19 жылу электр орталығы «қызыл» аймақта тұр

Елімізде 19 жылу электр орталығы қызыл аймақта тұр. Бұл туралы премьер-министр Әлихан Смайыловтың сенат депутаттарының сауалына берген жауабында айтылған.

Елде 37 жылу электр орталығы жұмыс істейді. Оның 12-сі – коммуналдық меншікте (Астана, Ақтау, Семей, Қостанай, Кентау, Орал, Арқалық, Шахтинск, Қызылорда, Тараз қалаларында), үшеуі – квазимемлекеттік («АлЭС» АҚ) және 22-сі – жеке меншікте. 25 жылу электро орталығындағы негізгі отын – көмір, 11 жылу электр орталығында – газ және мазуттағы бір ЖЭО бар. 37 ЖЭО-да 190 бу қазандығы, 41 су жылыту қазандығы, 132 бу турбинасы және 5 газ турбинасы жұмыс істейді. Энергетика министрлігі 37 ЖЭО-ның техникалық жай-күйіне талдау жүргізіп, оларды тәуекел топтары бойынша санаттады және бірінші кезектегі іс-қимыл жоспарларын әзірледі. Мәселен қызыл аймаққа (жоғары тәуекел дәрежесі) 19 ЖЭО, сары (орташа тәуекел дәрежесі) 11 ЖЭО және жасыл (төмен тәуекел дәрежесі) 7 ЖЭО кірді,

делінген үкімет басшысының жауабында.

Тәуекел аймағына мына қалалардағы ЖЭО-лар кіреді:

Арқалық — 1, Кентау — 1, Қызылорда — 1, Орал — 1, Степногорск — 1, Теміртау — 2, Павлодар — 1, Ақтау — 1, Шахтинск — 1, Риддер — 1, Рудный — 1, Балқаш — 1, Жезқазған — 1, Өскемен — 1, Петропавл — 1, Семей — 1, Екібастұз — 1, Тараз — 1; сары тәуекел аймағындағылар: Алматы — 2, Павлодар — 1, Ақтау — 1, Қарағанды — 2, Текелі — 1, Шымкент — 1, Қостанай — 1, Атырау — 1; жасыл тәуекел аймағындағылар Алматы — 1, Орал — 1, Павлодар — 1, Астана — 1, Ақтөбе — 1, Астана — 1.

Наргиза Аршидин

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

4 дня ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

3 недели ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

1 месяц ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

5 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

9 месяцев ago