Categories: Қоғам

Қазақстанда 203 адам жұмыс орнында қайтыс болған

2022 жылы 1465 адам жұмыс орнында қызметін атқару кезінде зардап шекті. Оның 203-і қаза тапты. Бұл туралы Еңбек министрлігі хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, өндірістік жарақат алғандар мына қалаларда көп: Қарағанды (180 адам зардап шекті), Шығыс Қазақстан (169), Қостанай (142), Павлодар (112), Ақтөбе (103) және Алматы (114).

Экономика салалары бөлінісінде зардап шеккендердің ең көп саны тау-кен металлургия кешені кәсіпорындарында (16,2%) және құрылыс саласында (15%)байқалады.

Жазатайым оқиғаларға әкеп соққан негізгі себептер:

  • жәбірленушінің өзінің өрескел абайсыздығы (33,9%);
  • жұмыс жүргізуді қанағаттанарлықсыз ұйымдастыру (29%);
  • автожол жүрісі қағидаларын бұзу (9,4%);
  • еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қағидаларын бұзу (7,8%) болды.

Еске салайық, кейінгі бес жылда еңбекті қорғау саласында мемлекеттік органдар мен жұмыс берушілер қабылдаған кешенді шаралар Қазақстандағы өндірістік жарақаттану деңгейін 6,5%-ке төмендетуге мүмкіндік берді.

Наргиза Аршидин

Recent Posts

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

6 дней ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

4 недели ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

3 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

5 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

9 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

1 год ago