ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің деректеріне сәйкес бұқаралық ақпарат құралдарының саны жыл сайын артып келеді.
1991 жылмен салыстырғанда БАҚ саны 350 есеге өсті. Осыдан 33 жыл бұрын Қазақстанда тек 10 республикалық мемлекеттік газет пен журнал шығарылса, қазір олардың саны 3985-ке жетті. Басылымдардың әрқайсысының қағаз ғана емес сандық нұсқасы да бар.
2024 жылы газетке 360 612 жеке тұлға және 7 687 заңды тұлға жазылған.
Журналистердің біліктілігін арттыру бойынша іс-шаралар қарастырылған. Осыған байланысты өткен жылы өңірлік газеттер мен журналдардың қызметкерлері үшін баспа БАҚ форумы өткізілсе, 2024 жылдың наурыз айына кезекті өңірлік баспа БАҚ форумын өткізу жоспарланған. Форум аясында түрлі семинарлар мен шеберлік сыныптары ұйымдастырылады. «Қазконтент» АҚ базасында басылымдардың сайттарын жүргізу мен қолдауға және оларды әлеуметтік желілерде дамытуға қатысты кеңестер жүргізіледі.
Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…
Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…
Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…
Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…
Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…