Фото: Getty Images
2024 жылы бүкіл Қазақстан 5G желісіне қосыла алады. Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асхат Оразбек осылай деді. Бұл туралы Baribar.kz порталы жазды.
Қазіргі уақытта 5G технологиясы бірнеше қалада ілкі режимде іске қосылған. Биыл аукцион өткіземіз. Сол аукционда бірнеше локацияны қамту міндеттемесі болады. 5G-дің қазіргі нұсқасы бүкіл елді мекенді толықтай қамтуға мүмкіндік бермейді. Сондықтан бүгінде операторлармен локация бойынша жұмыс істеп жатырмыз,
деді Асхат Оразбек астанада өтіп жатқан «Цифрлық Қазақстанға бетбұрыс» деген халықаралық форум аясында БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында.
Оның айтуынша, бүгінде республикалық маңызы бар Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент және Түркістан қалаларында 5G желісі қосылған.
5G енгізу трафик тұтынудың шамадан тыс өсімімен қатар 4.0 индустриясының, ақпараттық технологиялардың, ақылды үйлердің дамуына алып келетіндігін түсінеміз. Әрине, бұл жасалуы тиіс тренд болып тұр. Оны операторлармен бірге жасаймыз. Мұны қалай жасау қажеттігіне қатысты нақты ұстанымыз бар,
деді вице-министр.
Асхат Оразбектің мәліметінше, 2024 жылы 5G желісі қосылады.
Меніңше, алдағы 2 жылдың ішінде тұрғындар еліміздің аумағында 5G желісінің қолжетімділігін сезеді,
деді вице-министр.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…