Қазақстанда аң аулауға тыйым салынды

Еліміздің ерекше қорғалатын табиғи аумақтарында аң аулауға тыйым салынды. Бұйрық 22 қарашадан бастап күшіне енеді.

Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 4 қарашадағы бұйрығы бойынша жеке тұлғалардың ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдалану қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Атап айтқанда, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда әуесқой (спорттық) аңшылыққа тыйым салу ережесі енгізілді.

Дегенмен мұндай аймақтарда:

  • әуесқой (спорттық) балық аулау;
  • қорғау режимі сақталған орындарды қоспағанда, жабайы жеміс-жидектерді, саңырауқұлақтарды, дәрілік шөптерді әуесқой түрде жинау, ара ұялары мен омарталарын орналастыру, марал өсіру, арнайы бөлінген жерлерде бау-бақша өсіру;
  • шөп шабу және малды арнайы бөлінген жерлерде жаю рұқсат етіледі.

Бұл ретте, мемлекеттiк ұлттық табиғи парктер мен мемлекеттiк өңiрлiк табиғи парктердiң шектелген шаруашылық және туристік-рекреациялық қызметi аймақтарында және мемлекеттiк табиғи резерваттардың буферлік аймағында әуесқой түрде (спорттық) балық аулауға жол берiлетiнi көрсетiледi.

Бұйрық 2022 жылғы 22 қарашадан бастап күшіне енеді.

Сая Манарбековна

Recent Posts

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

1 неделя ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

3 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

4 месяца ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

8 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

1 год ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

1 год ago